Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп бойынша Қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыру жиналысы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп бойынша Қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыру жиналысы
21
қаңтар
2019

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп бойынша Қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыру жиналысы

Қамқоршылық кеңесінің отырысының

          ХАТТАМАСЫ    

               

Өткізілген күні: 21 қаңтар 2019 жыл

Қатысқандар- Қамқоршылық кеңесінің  мүшелері

Күн тәртібінде:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ереже.

 2.Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру.

3.Жұмыс жоспарын бекіту.

Тыңдалды:

      Сөз күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Абдешова Айжан Ақтілеуқызына берілді

    2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның, рухани дамыған азамат,табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандырып, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адам қалыптастыруды дамытуда, үйде білім алатын мүгедек балалардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріліп, оларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі, медициналық кабинеттің және оның қызмет етуі   және жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгіштік сезім, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудағы қамқоршылық кеңестің атқаратын рөлі зор екендігіне тоқталды. Қамқоршылық кеңестің жұмысы қалыптасып, жүйелі түрде іске кіріссе мектеп жетістігіне үлес қосылар еді. ол кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі            № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырды.

 Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
 сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары
 1 - тарау. Жалпы ережелер

       1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
      2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.
       3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды. 
      4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
 2 - тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы
       5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады. 
       6. Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады. 
       7. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді: 
       1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; 
      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
       3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); 
       4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; 
       5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса). 
      Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.
       Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
       8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. 
       9. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды. 
       10. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. 
       Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды. 
       11. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады. 
      12. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
       13. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді. 
 3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі
       14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі: 
      1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
      2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
       3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; 
      4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
       5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды; 
       6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді; 
       7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; 
       8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды; 
       9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады; 
       10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі. 
       Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді. 
 4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
      15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
       16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады. 
       Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады. 
       Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі. 
       17. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды. 
       18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады. 
       19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. 
       20. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді. 
       21. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие. 
       22. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады. 
      23. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
      24. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.
       25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады. 
       26. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады. 
      27. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:
      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
       2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады. 
       28. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер: 
      1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;
      2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
       3) спорттыдамытуға, дарындыбалалардықолдауға; 
      4) мемлекеттікжалпығаміндеттібілім беру стандарттарыныңталаптарынантысбілім беру процесінұйымдастыруғашығыстардыжүзегеасыруға.
       29. Білім беру ұйымыжылсайынқаржылықжылдыңқорытындысыбойыншасолбілім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиістісаланыңуәкілеттіорганыныңнемесебілім беру саласындағыжергіліктіатқарушыорганыныңөзінің интернет-ресурсындатиістіесептіорналастыруарқылықайырымдылықкөмекқаражатыныңпайдаланылуыжәнеқозғалысытуралыжұртшылыққаақпаратбереді. 
 5 - тарау. Қамқоршылықкеңестіңжұмысынтоқтату
      30. Қамқоршылықкеңестіңжұмысынтоқтату:
       1) тиістісаланыңуәкілеттіорганыныңнемесебілімсаласындағыжергіліктіатқарушыоргандардыңбастамасыбойынша; 
      2) білім беру ұйымынтаратуғажәнеқайтаұйымдастыруғабайланыстыжүзегеасырылады.
       31. Қамқоршылықкеңестіңмүшесі: 
       1) өзбастамасыбойынша; 
       2) білім беру ұйымындағыорнындаүш ай бойыболмауысебептіҚамқоршылықкеңестіңқұрамынаншығуымүмкін. 

Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаеваның 11.01.2019 жылы №32 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен: 

  1. Алпысбаева Гүлбану Жасузаковна -11 сыныптан;
  2. Досжанова Элизат Асқаровна-9 сыныптан;
  3. Досханбаева Лаура Абдухасимовна-3 сыныптан;
  4. Жақыпбекова Күлбағила Тұзақбайқызы-5 сыныптан;
  5. Қалдыбаева Гүлзира Бекболатовна-10 сыныптан;
  6.  Кибраева Салтанат Ауесбаевна-1 сыныптан;
  7. Мамбеталиева Малика Болатовна-4 сыныптан;
  8. Оспанова Кулайым Оналбековна-6 сыныптан;
  9. Пиржанова Роза Нұрмахановна-7 сыныптан;
  10. Сарсебаева Дана Бериковна- 2 сыныптан;
  11. Сыздықбаева Жамал Балғабекқызы-8 сыныптан;
  12.  Ильясов Рауан Қонысбайұлы- №8 мобильдік топтың жетекшісі , Тараз қаласы 

прокуратурасы, бөлім  басшысы;

  1. Каримова Алтынай Аманжоловна- жеке кәсіпкер, ЖК «Nurshuak»;
  2. Малшибаева Шолпан Жорабековна- Тараз қаласы әкімдігінің әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары;

15.  Сасыкбаев Есимжан Арынтаевич- ЖШС  «Есимжан и К»,басқарушы таныстырып,арасынан төраға сайлау туралы айтты.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзара ақылдасып, төраға ретінде әлеуметтік,экономикалық  саладан хабардар, Сасықбаев Есімжанды төраға етіп сайлауды ұсынды.

Ұсыныс ашық дауысқа салынды.

Қарсы-жоқ.
Қалыс- жоқ. Бірауыздан Қамқоршылық кеңесінің мүшелері төрағалық етуге  Сасықбаев Есімжан Арынтайұлы сайланды.

Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауапты хатшыны сайлау туралы ұсыныс түсті. Ұсыныс бойынша мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубердиева Қаламқас Танабайқызын хатшы етіп сайлау туралы ұсыныс  ашық дауысқа салынды.

Қарсы-жоқ.
Қалыс- жоқ.

Тлеубердиева Қаламқас Танабайқызы Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауапты хатшы болып сайланды.

Сөз алды:Қалдыбаева Гүлзира- қамқоршылық кеңесінің мүшесі, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырып, қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржының дұрыс қажеттілікке  бөлініп және оның мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін   жұмыстар жүргізілуі тиіс екендігіне тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қамқоршылық  кеңесінің мүшесі Сарсебаева Дана 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, оны бекітуді сұранды.

р/с

Іс-шаралар мазмұны

Мерзімі


Жауапты

1

Тәрбиенің мазмұны мен  міндеттері. Дәріс 5 сыныптар.

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Асқанбекова

Қаңтар

Сасыкбаев Е.

2

Қылмыстық жауапкершілік және оның түрлері.

Дәріс, 6-8 сынып , құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тлеубердиева

Ақпан

Оспанова К.

3

«Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі», әңгіме-сұқбат, 9-10 сынып 

Наурыз

Сыздықбаева Ж

4

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»  дәріс, 9-11 сынып

Сәуір

Ильясов Р

5

«Отанды сүю парызың» БӘД сабағына қатысу, 10 сынып 

Мамыр

Қалдыбаева Г

6

«Алтын ұя мектебім!» Соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Мамыр

Алпысбаева Г

Мамбеталиева М

7

«Жаз жайнатып...» , мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

Маусым

Жақыпбекова К

8

«Қайырымдылық» акциясын ұйымдастыру

Қыркүйек

Каримова А.

9

«Ұстазым менің ұстазым»

Қазан

Досмаханова Л

10

«Қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру–құқықтық сауаттылықты арттырудың     негіздері» 9 сынып,ашық сабақ ,пән мұғалімі И.Малдыбаева

Қараша

Досжанова Э

11

«Тәуелсіздік тұғырым» , мерекелік іс-шара, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Асқанбекова

Желтоқсан

Сарсебаева Д 

12

Қорытынды есеп беру

Қаңтар

Сасыкбаев Е




Күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалып, шешім қабылданды.


ШЕШІМ:

  1. Қамқоршылық кеңес туралы ереженің орындалуы  басты назарға алынсын.
  2. Қамқоршылық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  3. Қамқоршылық кеңестің әр мүшесі өткізілетін іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал етсін.
  4. Қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы  ақпарат беріліп отырылсын. 




Төраға: Сасықбаев Е.

Хатшы: Тлеубердиева Қ.






Похожие публикации:

10 қазан 2018 №355 бұйрық
20 қыркүйек 2018 Қамқоршылық кеңес
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив