15
мамыр
2026
«Ата-аналар мен бала арасындағы жарасымды қарым-қатынас» тақырыбында тренинг
15 мамыр отбасы күніне орай Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде мектептің педагог-психологтары ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, «Ата-аналар мен бала арасындағы жарасымды қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді.
Іс-шараның ұйымдастыру кезеңінде психологиялық жайлы ахуал орнату мақсатында «Сәлемдесу рәсімі» өткізіліп, қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы топтық жұмысқа жұмылдырылды.
Ақпараттық блокта қарым-қатынастың бала дамуындағы рөлі туралы теориялық түсінік беріліп, отбасындағы эмоционалды қолдаудың баланың психикалық саулығына әсері талқыланды.
Практикалық бөлімде «Біз барлығымыз әртүрліміз» жаттығуы арқылы әр баланың жеке даралығын ескеру қажеттілігі көрсетілсе, шармен жасалған «Эмоция» ойыны ашу мен ызаны дұрыс басқару жолдары түсіндірілді. Коммуникативті дағдыларды дамыту кезеңінде «Сиқырлы сөздер» және «Менің балам қандай?» әдістері арқылы ата-аналар бала бойындағы жағымды қасиеттерді тануды және эмоционалды байланысты нығайтуды үйренді. «Сенім тудыратын сөздер» жаттығуында қатысушылар баланың жігерін құм қылатын негативті фразаларды қолдау көрсететін конструктивті сөздерге алмастыруды практика жүзінде орындады.
Қорытынды бөлімде «Балама қандай жылулық беремін?» рефлексиясы өткізіліп, ата-аналар өз мейірімін стикерлер арқылы «Күн» бейнесінде көрсетті. Шара соңында жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және сенімді қарым-қатынас орнату бойынша психологиялық кеңестер беріліп, ата-аналар баламен тиімді тіл табысудың практикалық әдістерін меңгерді.