«Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен тренинг » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен тренинг
11
қыркүйек
2025

«Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен тренинг

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі «Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді.
Ата-аналарға жай мектептегі жанжал мен буллингтің айырмашылығы неде екендігі, баланың айналадағылармен қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың буллингке ұшырағанын көрсететін белгілері, буллингтің алдын алудағы отбасының рөлі, отбасы тарапынан буллингтің алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, «Отбасылық айна», «Қолдау сөздері», «Қағаз адам» жаттығулары жүргізілді. Ата-аналармен бірге «Үнсіздік құрбаны» және «Сыныптағы агрессор» кейстері талқыланды, соңында Қазақстан Республикасында буллинг үшін қандай жаза қолданылатындығы туралы ескертіліп, халықаралық қимылдардың белгесі туралы видеоролик көрсетілді.
Ата-аналар берілген ақпаратты мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, оларға жауап алды. Кейстерді талдау барысында өз пікірлерімен бөлісті. Сұрақ-жауап кезеңі өткізіліп, кері байланыс берілді. Қатысушылар өз пікірін ашық айтып, жаттығуларға белсене қатысты.