26
ақпан
2024
«Ақпан айы – психологиялық айлық» аясында
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде «Ақпан айы – психологиялық айлық» аясында «Ең үлкен сый – өмір» тақырыбында бірқатар тренингтер өткізілді. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілген тренинг барысында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ- жауап әдісімен талқылау жүргізілілді, слайд арқылы оқушыларға өмір барысындағы қиындықтарға, түрлі мәселелерге түсінікпен, позитивпен қарауға, әр жағдайда шыдамдылық, төзімділік таныта білуге ынталандырылып, өміршеңдік ережелері айтылды. «Өмірде бәрі өткінші», «Шешілмейтін мәселе болмайды», «Өмір өз қолыңда», «Әркім өз өмірінің капитаны болуы керек» деген қанатты сөздермен қорытылды.
Мектептің психологиялық қызметі





Мектептің психологиялық қызметі





