21
ақпан
2024
«Айналамыз толған жақсы адамдар» атты сынып сағаты
Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде «Әр бала – жарық жұлдыз» тақырыбында өтіп жатқан психологиялық айлық аясында 1-11 сынып оқушылары арасында «Айналамыз толған жақсы адамдар» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Ар-ұят құндылығын дәріптеген және оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен жақсы істердің шапағаты туралы түсінік бере отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезінуге, бағалай алу, қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасауға балу мақсатында өткен сынып сағаттарында «Жақсы болсаң- жақын көп» ”Маған қымбат жандар” «Ризашылық» атты айдарлармен берілген тапсырмалар мен жаттығулар орындалды. Тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыздың бойында жақсы қасиеттер мен айналасындағы жақын адамдарға деген ризашылықтары мол болса екен деп тілейміз.
Мектептің психологиялық қызметі



Мектептің психологиялық қызметі


