Іс-шаралар » Страница 11 » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
Балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу  туралы кездесу
22
қыркүйек
2025
Балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебіне балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл бойынша құралған жұмысшы тобын қала әкімінің орынбасары Сламбекова Улана Сламбековна бастап келді. Кездесу барсында Улана Сламбекова мектептің оқушыларымен бейресми жүздесу өткізді. [media=https://www.instagram.com/reel/DO3TKS-iPzs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
"Біздің үйдегі еңбек" тақырыбында сынып сағаты
22
қыркүйек
2025
"Біздің үйдегі еңбек" тақырыбында сынып сағаты
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 2"Д" сыныбында 22.09.2025 жылы "Біздің үйдегі еңбек" тақырыбында сынып сағаты өтті.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбектің пайдасын түсіндіру.Бірлескен іс әрекет пен өзара іс әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білуге құндылықтарын дамыту. Сынып жетекшісі: Абсатарова Жанна  
«Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы
21
қыркүйек
2025
«Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы
10"А", "Б", "В", "Г" сыныптарында «Бала тәрбиесі – отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста келесі мәселелер қаралды: 🔹 «Баланың басты ұстазы – ата-ана» атты баяндама тыңдалды; 🔹 Жаңа оқу жылының басталуына байланысты жоспарлар таныстырылды; 🔹 Ата-аналар комитеті сайланды; 🔹 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы таныстырылды; 🔹 «Балалар мен жасөспірімдердің ойынға тәуелділігі – отбасыдан басталады» тақырыбында пікір алмасу болды. Жиналыс өте мазмұнды өтті.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы
16
қыркүйек
2025
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы 2025 жылдың қыркүйек айында мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында ұйым мүшелерімен танысу, жылдық жоспарды бекіту, алдағы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, ұйымның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, оқушылардың белсенділігіне баса назар аударылды. Бұл отырыс жас ұрпақты ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуде
"Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" атты тақырыбында ата-аналар жиналысы
15
қыркүйек
2025
"Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" атты тақырыбында ата-аналар
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 2"Б" сыныбында 15.09.2025 жылы "Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" атты тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Сабақтың мақсаты: Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін түсіндіру, ата-ананың бала өміріндегі орны мен жауапкершілігін айқындау. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту арқылы баланың тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Сынып жетекшісі: Сатыбалды Бағила
"Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" тақырыбында ата-аналар жиналысы
12
қыркүйек
2025
"Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 2"Д" сыныбында 12.09.2025 жылы "Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Сабақтың мақсаты: Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін түсіндіру, ата-ананың бала өміріндегі орны мен жауапкершілігін айқындау. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту арқылы баланың тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Сынып жетекшісі: Абсатарова Жанна  
«Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен тренинг
11
қыркүйек
2025
«Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі «Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді. Ата-аналарға жай мектептегі жанжал мен буллингтің айырмашылығы неде екендігі, баланың айналадағылармен қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың буллингке ұшырағанын көрсететін белгілері, буллингтің алдын алудағы отбасының рөлі, отбасы тарапынан буллингтің алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, «Отбасылық айна», «Қолдау сөздері»,
«Саналы ата-ана - бақытты бала» тақырыбында ата-аналар жиналысы
10
қыркүйек
2025
«Саналы ата-ана - бақытты бала» тақырыбында ата-аналар жиналысы
2025 жылдың 10 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне орай Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Саналы ата-ана» атты «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Мектеп психологтары жеке кеңеске келген ата-аналарға психологиялық кеңестер мен ұсыныстар беріп, жаднамалар таратты. Сонымен қатар «Саналы ата-ана - бақытты бала» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізіп, саналы ата-ана болу үшін нені білуі керек, қандай болу керек, ата-ананың міндеті мен
"Менің Отаным - Қазақстан" атты тәрбие сағаты
04
қыркүйек
2025
"Менің Отаным - Қазақстан" атты тәрбие сағаты
Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 4"В" сыныбында "Менің Отаным - Қазақстан" атты тәрбие сағаты аталып өтті.Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қазақстанның тарихы, рәміздері, табиғаты мен мәдениеті жайлы білімдерін кеңейту. Елін, жерін сүйетін, отансүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. «Мен – Қазақстан азаматы» деген мақтаныш сезімін ояту. Сынып жетекшісі: Омарова А. С  
“Менің Отаным” тақырыбында сынып сағаты
02
қыркүйек
2025
“Менің Отаным” тақырыбында сынып сағаты
2025 жылдың 2-ші қыркүйек күні 6 “Г” сыныбында “Менің Отаным” тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты — оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, ел тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу болды. Сынып сағаты барысында оқушылар әнұран айтып , Отанға деген сүйіспеншіліктің қандай болатынын , Отанға деген қамқорлықтың қандай болатыны туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірді. Сынып сағаты