13
қазан
2025
"Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы.Тіс гигиенасы" тақырыбында ашық сабақ
Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде "Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, білім алушыларды құндылықтарға баулып, функционалдық сауаттылықты дамыту" тақырыбында физика, химия , биология , география пәндері бірлестігінің айлығының өтуіне байланысты биология пәнінің мұғалімі Тойшыбекова Шакиза Бекмаганбеткызы 8 "Ж" сынып оқушыларымен "Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы.Тіс гигиенасы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында "Ruvy.Ai, Hailuo.Ai,Virbo" платформалары мен жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылды. Бірлік пен ынтымақ құндылығы бойынша балалар топтық ,жұптық, жеке тапсырмалар орындаса, "Жасампаздық пен жаңашылдық" құндылығы бойынша постер толтырып, жағдаяттық және функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалармен жұмыс жасады.Тәуелсіздік пен отаншылдық құндылығы бойынша Қазақстанның көрнекті ғалымы Х.Досмұхамедовтың тіс гигиенасы туралы пікірін жасанды интеллект көмегімен тыңдады.Әділдік пен жауапкершілік құндылығы бойынша білім алушылар бір- бірін әділ бағалады.Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
құндылығы бойынша тіс гигиенасының ережелерін үйрену және өмірде қолдану қажеттігі айтылып, жасанды интеллект көмегімен "Тістібек ағай" тіс дәрігерінен кеңес алды. Барлық құндылықтар сабақтың барысында қамтылып, оқушы бойында жаңа құлшыныстар мен серпіліс пайда болды. Сабақ өте қызықты өтті.
https://www.instagram.com/reel/DPsVwuCiOFE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==