«Жаратылыстану ғажайыптары» атты ғылыми жоба жарысы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаратылыстану ғажайыптары» атты ғылыми жоба жарысы
21
қараша
2022

«Жаратылыстану ғажайыптары» атты ғылыми жоба жарысы

21.11.2022 ж күні “Оқу іс-әрекетін ынталандыру тәсілдері арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбындағы ИФМ апталығының барысында  9 сынып білім алушылары арасында  «Жаратылыстану ғажайыптары» атты ғылыми жоба жарысы өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың  пәнге қызығушылығын арттыра отырып, алған білімдерін өмірде,тұрмыста қолдана білу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
«Жаратылыстану ғажайыптары» атты ғылыми жоба жарысының қатысушылары: 
9 «А» сынып Сүйенішбай Нұрқанат «Пайыз біздің айналамызда»
9 «Б» сынып Аманбек  Бекзат «Қасиетті сандар»
9 «А» сынып Сенбай Жанболат, 9 «В» сынып Орынбай Бекзат  «Ауа шармен қозғалатын  ойыншық   көлік»
9 «Б» сынып Тасыбек Дінмұхамед, 9 «Е» сынып  Тимур Диас  «Компьютердің конфигурациясы»
Бағалау критерийлері: Жұмыстар материалдың нақтылығына, ғылымилығына, ой ұшқырлығы мен ақпараттық мазмұнына, сөйлеу мәнері мен зерттеу жаңалығына қарай бағаланды.
Байқауда 9 «Б» сынып білім алушысы  Аманбек Б «Қасиетті сандар» жобасы 1 орын,         9 «А» сынып білім алушысы Сүйенішбай Нұрқанат «Пайыз біздің айналамызда» жобасы, 9 «А» сынып білім алушысы Сенбай Жанболат, 9 «В» сынып білім алушысы Орынбай Бекзат «Ауа шармен қозғалатын  ойыншық   көлік» жобасы , 9 «Е» сынып білім алушысы Тимур Диас, 9 «Б» сынып білім алушысы Тасыбек Дінмұхамед  «Компьютердің конфигурациясы» жобасы 2 орынға ие болып,жеңіске жетті.
Ұйымдастырушы мұғалімдер: Сатылганова К, Джылысбаева К, Беденова Г, Пернебаева А.