Тараз қаласында есірткісіз өмір ұранымен асық атудан турнир » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тараз қаласында есірткісіз өмір ұранымен асық атудан турнир
02
сәуір
2026

Тараз қаласында есірткісіз өмір ұранымен асық атудан турнир

Тараз қаласында есірткісіз өмір ұранымен асық атудан турнир өтті

Тараз қаласында Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде оқушылар арасында асық атудан қалалық турнир өтті. Іс-шара «Тәртіп бар жерде — болашақ бар, есірткі жоқ жерде — бақыт бар» ұранымен ұйымдастырылды.

Турнирді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласы білім бөлімі бірлесіп өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын және ұлттық дәстүрлерді насихаттау.

Турнирге қала мектептері мен гимназияларынан құралған командалар қатысты. Әр команда әртүрлі жастағы үш оқушыдан құралды. Оқушылар мергендік, стратегиялық ойлау және командалық рухтарын жоғары деңгейде көрсетіп, жарыстың белгіленген ережелеріне сәйкес өте тартысты өтті.

Мұндай іс-шаралар жастардың спортқа ынтасын ашумен қатар, оларды қауіпті әдеттерден сақтауға көмектеседі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, есірткі адам өмірін бұзып, болашағынан айырады. Сондықтан жасөспірімдерге спортты, дамуды және белсенді өмірлік ұстанымды көрсету маңызды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» символымен естелік сыйлықтар табысталды.

[media=https://www.instagram.com/reel/DWlYuOmDJPM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]