«Закладчик. Мать» атты профилактикалық фильм » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Закладчик. Мать» атты профилактикалық фильм
11
ақпан
2026

«Закладчик. Мать» атты профилактикалық фильм

Облыс прокуратурасының 27.01.2026 жылғы №2-07-26-00842 тапсырмасына сәйкес Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде «Закладчик. Мать» атты профилактикалық фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Фильмнің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының, соның ішінде «закладчик» болудың құқықтық және әлеуметтік салдарын түсіндіру, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын көрсету.

Көрсетілім барысында оқушыларға:

есірткі заттарын таратудың қылмыстық жауапкершілігі;

«жеңіл табыс» ұғымының қауіптілігі;

интернет арқылы заңсыз әрекеттерге тартылу тәуекелі;

ата-ананың бақылауы мен қолдауының рөлі түсіндірілді.

Фильм соңында мектеп әкімшілігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау

[media=https://www.instagram.com/reel/DUnZ3qYCAbT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]