16
қаңтар
2026
Өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсия
2025 жылдың 16 қаңтар күні Т.Рысқұлов атындағы 9- сынып оқушылары өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсиясына қатысты. Экскурсия барысында өрт сөндіру мамандары оқушыларға өрттің шығу себептері, қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Оқушылар арнайы техникалар мен құралдардың жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, жарылыс туралы видионы тамашалады.Видеода жарылыстың салдарынан өрттің қалай шыққаны және оның үлкен қауіп төндіретіні туралы көрсетілді. Бұл мысал қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың ауыр салдарға әкелетіні айқын көрсетті. Оқушылар арнайы өрт сөндіру көліктері,құрал - жабдықтарын көріп, олардың қалай қолданатының білді. Өрт сөндірушілер өз мамандықтарының маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып, қауіпсіздіктің әрқашан бірінші орында тұру керектігін атап өтті. Экскурсия оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды. Олар қауіпсіздігі туралы маңызды мәлімет алып, тәртіп пен жауапкершілікті уйренді.

