"Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ
03
желтоқсан
2025

"Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ

03.12.2025 жылы 11"А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен Б.Р. Қыдырова "Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты:
- таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
- мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.
Инновациялық тәсілдер:
Сабақ барысында ЖИ мүмкіндіктері пайдаланылып, білім алушыларға Қазақстандағы өнеркәсіп түрлері туралы бейнефильм көрсетілді және де педагогика ғылымдарының докторы Абат Қыдыршаевтың «Шешендіктану:теориясы және практикасы» еңбегінен алынған пікірі тыңдалды.
Сабақтағы тапсырмалар мен қолданылған әдіс-тәсілдер білім алушылардың жас ерекшеліктеріне,қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын, функционалдық сауаттылықтарын, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Бағалау «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өзін-өзі бағалау арқылы жүргізіліп, сабақты бекіту ЖИ көмегімен жүргізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қыдырова Б.Р.
[media=https://www.instagram.com/reel/DSg9qUtiPV6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]