1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
31
наурыз
2023

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.10.2018   жылғы   № 564 бұйрығы  (24.06.2020  жылғы   № 264  бұйрығымен   және   03.06.2021 жылғы   № 275  бұйрығымен    өзгерістер   мен  толықтырулар   енгізілген бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады. 


Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.

Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар. 

Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. 


Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:

• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

• №065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны:

• Баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.




Похожие публикации: