1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Сонымен бірге интернетке қолжетімділігі жоқ, не болмаса шалғай елді мекендерде тұратын бірінші сыныпқа келетін бүлдіршіндердің ата-аналарына құжаттарды қағаз нұсқасында тапсыруға мүмкіндік берілді.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
Мектепке алты жасар және ағымдағы жылы, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
⠀
⠀ ⠀Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
- Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт026/у-3);
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.