№48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп директорының баяндамасы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп директорының баяндамасы
27
мамыр
2024

№48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп директорының баяндамасы

№48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 1584 оқушы  білім алады.

Педагогикалық ұжым өз жұмысын оқу-тәрбие үдерісінің деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізуде. 

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп оқушыларының білім сапасы -   60%, үлгерімі 100 %.    

   Мектеп   миссиясы: Кәсіби біліктілігі   мен инновациялық әлеуеті жоғары педагогтар арқылы білімнің   бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу, оқыту.

Міндеттері:

1. Педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру арқылы білім беру сапасын арттыру.
 2. Б
іліктілікті арттыру курстары (пәндік, IT-құзыреттіліктер, инклюзивті және басқалар) арқылы педагогтердің құзыреттерін дамыту;

3.Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.

4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің білім беру   сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу. 

5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау, зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
 
6.Табысқа жетуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру;

7. Мектепті  цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.

Мектептің қолданысқа берілген жылы: 1989ж.

Мектептің сыйымдылығы:  1266 білім алушы

Мектептің түрі: типтік, үшқабатты 

Ауысымдар саны:2 , барлығы 68 сынып-комплект, мектепалды даярлық сыныбы – 4

 І ауысымдағы сыныптар саны – 36, оқушы саны – 811

 ІІ ауысымдағы сыныптар саны –32 , оқушы саны – 791

 Мектеп жанында 100 балаға арналған шағын орталық жұмыс істейді.

Шағын орталықтағы тәрбиеленушілер саны: 4 топ , барлығы-85 бала 

Мектеп алды даярлық сыныбында – 96 тәрбиеленуші.

Мектепке дейінгі дайындық жүйесінде мектеп жанынан  ашылған шағын орталық жұмыс істейді, балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған,  шағын орталық пен мектептің арасында сабақтастық қалыптасқан

2023-2024 оқу жылында мектепте барлығы -139 мұғалім жұмыс атқарды, оның ішінде- педагог-шебер-1, педагог-зерттеуші-29, жоғары санатты мұғалім-1, педагог-сарапшы-41, педагог-модератор-31, екінші санатты мұғалімдер-1, санаты жоқ мұғалімдер-35





Педагог саны

Санаты, саны

Үлесі

1

139


Жоғары санатты  –1

Педагог –зерттеуші -29

Педагог-шебер-1

22%

2

Педагог-сарапшы-41

29%

3

Екінші санатты -1

Педагог-модератор -31

23%

4

Санаты жоқ -35

25%

5


Сапалық құрам үлесі

52 %

Магистр академиялық дәрежесі бар педагогтардың үлесі-9,3%

Оқу жылдары

2021-2022

2022-2023

2023-2024

1

Педагог -шебер

1

1

1

2

Педагог -зерттеуші

36

29

29

3

Жоғары санатты

3

1

1

4

Педагог -сарапшы

41

39

41

5

І санатты

4

1

-

6

Педагог -модератор

29

31

31

7

ІІ санатты

4

1

1

8

Санаты жоқ 

14

32

35

9

Педагогтер саны

132

135

139

10

Педагог-шебер, зерттеуші, жоғары, бірінші санатты     мұғалімдердің үлесі

64%

52,5%

52%












2023-2024 оқу жылы мектебімізде 40 педагог біліктілік курстарынан өтті.         

Педагогтардың әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында жыл бойы мектеп ішінде түрлі коучингтер, оқыту семинарлары, әдістемелік айлықтар, мектепішілік курстар өткізілді. Мұғалімдер қалалық, облыстық, республикалық деңгейде педагогикалық тәжірибелерін таратып, зерттеу жұмысы мен авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқаулықтар жазумен айналысады. Жиі қалалық семинарлар өткізіледі.   Мектеп ұжымы  әкімшілік басшылығымен жалпы мектептің жылдық жоспарын, дамыту жоспарын жүзеге асыруда.  


Мектептегі барлық жүргізіліп отыратын іс-шаралар ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен өткізіледі: жоғары деңгейде безен дірілген,мазмұнды іс-шаралар оқушылардың мектеп өмірі қызықты, жарқын болуына ықпал етеді.

       Жыл бойы атқарылған жұмыстар аз емес: ата-ана, мектеп түлектерінің көмегімен «Адал ұрпақ» клубы құрылды,  жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған облыстық шығармалар байқауында жүлделі орын алды, үнемі мектепте тілдер күніне арналған іс-шаралар, спорттық байқаулар, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық қасиеттерін дамыту тәрбиелік шаралар өткізіліп тұрады. Түрлі олимпиадалар мен   байқауларға қатысатын оқушыларды ынталандыру, ішкі уәжін көтеру жұмыстары жүргізіліп отырады


№48 мектептің дарынды   оқушылары жетістіктеріне тоқталсақ:


  1. «Кенгуру» интеллектуалды ойын-конкурсында –40 жүлдегер 
  2. «Тарих ата» республикалық байқауында – 33 жүлдегер 
  3. «Ақбота»  зияткерлік олимпиадасында-386 жүлдегер
  4. Бастау-2 жүлдегер
  5. «Зерде»зерттеу жобасы-3 жүлдегер
  6. 5-8 сыныптар олимпиадасында -21 жүлдегер
  7. 9-11 сыныптар олимпиадасында -9 жүлдегер
  8. Қалалық шығармашылық байқауларда-43 жүлдегер және т.б

                  2023-2024 оқу  жылындағы   қалалық олимпиада жетістіктері(9-11 сыныптар)

Аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекшісі (аты-жөні)

Орын

1

Сұлтанбек Еркежан

9

орыс тілі мен әдебиеті

Асқанбекова Нұрбану

3-орын

2

Забухуллин Әділжан Нұрлыбекұлы

9

қазақстан тарихы

Азбергенов Асылхан

3-орын

3

Комунал Аделя Айдынқызы

9

физика

Куанышева Ардак

3-орын

4

Қанат Ақжан Жансұланқызы

10

қазақстан тарихы

Саменбаева Лэлла

3-орын

5

Шамшилда Аяулым Ержанқызы

10

биология

 Самиркулова Анар

3-орын

6

Абдраймова Саяжан

11

қазақ тілі мен әдебиеті

Кодекова Рая 

3-орын

7

Нұрпейсқызы Аружан 

11

қазақстан тарихы

Азбергенов Асылхан

3-орын

8

Қалқабай Еркеназым 

11

география

Миралиева Алтынай

3-орын

9

Мейрамбек Мейірлан Жанатұлы

11

информатика

Зәкен Ерсұлтан

3-орын

2023-2024 оқу  жылындағы  қалалық олимпиада жетістіктері(5-8 сыныптар)

Аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекшісі (аты-жөні)

Орын

1

Марат Айзара

5

қазақ тілі мен әдебиеті

Жантореева Жанат

2-орын

2

Жұмағали Жанарыс

5

орыс тілі мен әдебиеті

Асқанбекова Нұрбану

3-орын

3

Бақтиярқызы Аяулым

5

ағылшын тілі

Әбжапарова Гүлдана

3-орын

4

Құлтас Мұхаммеджан

5

Қазақстан тарихы

Рысқұлбек Аят

3-орын

5

Әлібек Санжар

5

математика

Қуатбекова Жансая

1-орын

6

Махаш Арнұр

5

жаратылыстану

Самиркулова Анар

1-орын

7

Жексенбай Жанерке

6

қазақ тілі мен әдебиеті

Ахметова Фариза

3-орын

8

Бауыржанқызы Мерей

6

орыс тілі мен әдебиеті

Алимбекова Джумагуль

1-орын

9

Мейірбек Айару

6

ағылшын тілі

Жаманкулова Саида

3-орын

10

Алибай Алихан

6

математика

Сарсенова Айжамал

2-орын

11

Аманбек Әдемі Жандосқызы

7

математика

Алдатаева Жамила Сакеновна

3-орын

12

Талғатбекұлы Бекарыс

7

физика

Сатылғанова Куляйхан Ажикуловна

3-орын

13

Сұлтанбай Інжу Ерханқызы

7

биология

Матжанова Зайгул Гизатовна

1-орын

14

Зару Дана Жомартқызы

7

қазақ тілі мен әдебиеті

Ордабекова Гульмира Мелдебековна

1-орын

15

Жұмабек Назерке

7

ағылшын тілі

Ауелбекова Шолпан Архабаевна

3-орын

16

Марат Ансар

7

Қазақстан тарихы

Кариева Гулнара Анатольевна

3-орын

17

Сабит Нұрбақыт Болатұлы

8

информатика

Турганова Жанна  Рахимджановна

3-орын

18

Жарылқасын Бибарыс Асхатұлы

8

физика

Елен Жансая Әлімжанқызы

2-орын

19

Орал Альбина

8

биология

Матжанова Зайгул Гизатовна

3-орын

20

Айтбек Каусар  Сержанқызы

8

химия

Түймеева Гүлмира Халиковна

2-орын

21

Жумабек Мухаммеджан Бахытжанулы

8

география

Қорабаева Айман  Маратовна

3-орын


2023– 2024 оқу  жылындағы  облыстық олимпиада жүлдегерлері

Аты – жөні

сыныбы 

Пәні  

Пән  мұғалімі 

Орны

1

Әлібек Санжар

5

математика

Қуатбекова Жансая

3-орын

2

Бауыржанқызы Мерей

6

орыс тілі мен әдебиеті

Алимбекова Джумагуль

3-орын

3

Зару Дана 

7

Қазақ тілі мен әдебиеті 

Ордабекова Гулмира 

2-орын

4

Сұлтанбай Інжу

7

биология

Матжанова Зайкул

3-орын

                                            2023-2024 оқу   жылындағы  зерттеу  жобасы жүлдегерлері

Оқушылардың аты – жөні

сыныбы 

Секциясы

Жетекшісі

Орны

1

Чиналиев Байгел

11

информатика

Зәкен Ерсұлтан Шалқарұлы

Алғыс хат

2

Сүйенішбай Нұрқанат Бекболатұлы

10

математика

Пернебаева Арайлым Ералықызы

1-орын


            

      Бәсекеге қабілетті тұлға мен маманды қалыптастырудың негізі отбасында, қоғамда және білім беру жүйесінде қалыптасатын құндылықтар болып табылады.   "Туған жер", "Қазақстанның рухани киелі жерлері", "Ұлы даланың ұлы есімдері", "Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі", "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы", «Оқушыларға ұсынылатын 100 кітап» жобалары жүргізілді. "Жас қыран" (1-4-сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10-сыныптар) балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық үйірмесі  жұмыс істеді. Биылғы оқу жылында тәрбие саласына қатысты 9 жоба енгізілді.    

Мектеп жанынан жазғы демалыс және еңбек лагері ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір баланың жасына, денсаулығына және қажеттіліктеріне қарай демалуға және бос уақытты өткізуге құқығы бар. Демек, мемлекеттік органдар балаларды сауықтыру, спорттық, шығармашылық және басқа да демалыс ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлерді құрады және қолдайды. Балалар лагері – бұл баланың қауіпсіз және жайлы дамуы аумағы, онда балалардың сауығуы мен демалуы үшін барлық жағдайлар жасалған, олардың ересек және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. 

БАЛАЛАР ЛАГЕРІНІҢ МАҚСАТЫ:  Белсенді демалысты ұйымдастыру, балалардың толыққанды демалуын, олардың шығармашылық дамуы мен сауығуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.

БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ: 

■ сауықтыру; 

■ қосымша білім беру; 

■ тәрбиелеу; 

■ дамыту; 

■ әлеуметтендіру. 

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде балалар лагерьлерінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары төмендегідей:

МӘДЕНИ-РУХАНИ БАҒЫТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТ

КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТ

ЭТИКАЛЫҚ БАҒЫТ

ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ БАҒЫТЫ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒЫТЫ

АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ БАҒЫТ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТ.


Осы бағыттарда 2023-2024 оқу жылында оқушылардың жазғы  демалысын ұйымдастыру мақсатында  мектебімізде төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

Лагерь маусым айының 3 мен 1 шілде аралығында жүреді және 2 кезеңнен тұрады: 

1 кезең - 3 мен   14 маусым аралығында  күн (5 күндік жұмыс), 179 оқушы

2 кезең – 18 маусым мен 1 шілде аралығында -  10 күн, 111 оқушы. 

Сауықтыру лагеріне 1 сынып пен 8 сынып аралығында тегін тамақпен қамтамасыз етілген 290 білім алушы. Сонымен қатар, еңбек лагеріне 105 білім алушы, көгалдандыру лагеріне 464 білім алушы қамтылған. Оның ішіндегі 48 білім алушы қала сыртындағы лагерьге барады.  Еңбек лагеріне 10  сынып білім алушылары қатысады, 3 мен  1 шілде аралығында, сағат 9.00-11.00 аралығында жүргізіледі. Көгалдандыру лагеріне 6-8 сыныптар аралығында ұйымдастырылады және ол маусым айынан бастап, тамыз айына дейін жалғасын табады. Жалпы лагерьге мектеп бойынша 907 оқушы қамтылады. 

Мектеп жанындағы лагерьдің топ бөлмелері, ойын алаңдары санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының талаптарына сәйкес дайындалған.

Сонымен қатар, биылғы мектеп жанындағы лагерьдің бір ерекшелігі: шатырлы және киіз үй лагері болып ұйымдастырылады. Әр мектеп өзінің ыңғайына қарай лагерьді ұйымдастырады.  

Біздің мектепте екі түріy де қарастырылып жатыр: шатырлы-әскери- спорттық, ұлттық құндылықтарға бағытталған киіз үйлі.

Шатырлы лагерь қызметінің ерекшеліктері:
 
        төтенше жағдайларға ену;

еңбек терапиясы;

табиғи орта жағдайында бейімделу;

туристік техника, топография және бағдарлау элементтерімен танысу;

тірі қалуға дағдылану мектебі. 

Киіз үй лагері қызметінің ерекшеліктері:

  • ұлттық тұрмыстың бірегей атмосферасы;
  • Қазақстанның киелі жерлерімен танысу;
  • қоршаған ортамен симбиоз;
  • дәстүрлі қолөнермен, тағамдармен, әдет-ғұрыптармен танысу.

Бала үшін қолайлы жағдайлар:

  • балалардың өмірге және айналасындағы әлемге деген көзқарасы қалыптасады;
  • ұлттық бірегейлікті қалыптастыру;
  • толерантты көзқарас;
  • әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды дамыту;
  • ұлттық құндылықтарды сіңіру;
  • мәдени мұраны құрметтеуді қалыптастыру.


 Мектеп жанындағы лагерьдің топ бөлмелері, ойын алаңдары санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының талаптарына сәйкес дайындалған.

Қала сыртындағы лагерьге баратын оқушы саны - 48


Мектептің материалдық базасын дамыту жұмыстары жалғасын табуда. 2023 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтті.


Мектептің жылу жүйесі орталықтандырылған. Мектепте жалпы оқу кабинетінің саны-40. Қазақ тілі кабинеті-3,орыс тілі-2, шет тілі-3, математика-4, тарих-1, география-1, физика-2, АӘД-1, ағаш шеберханасы-1, көркем еңбек кабинеті-1,бастауыш сынып кабинеттері-18. Спорт зал-2, мәжіліс залы-150 орындық 2023 жылы нысаналы  индикаторда   жоспарланған күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Асхана-120 орындық, стол-орындықтары жаңартылды,1 интерактивті әмбебап тақта  (2008 жылы пайдалануға берілген, заман талабына сай емес),1 ЛМК кабинеті – 2011 жылы қойылған,  2023 жылы қараша айында есептен шығарылды,  2 компьютерлік кабинет (№17,№24) жұмыс жасауда. Жаңа модификациялы химия кабинеті-2014 жылы, жаңа модификациялы биология кабинеті-2015 жылы берілген. Жағдайы төмен отбасы балаларына арналған 170 ноутбук алынған. Бір компьютерге 6 оқушыдан келеді. Мектеп интернетке қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы 38 мбит/c. Робототехника кабинеті-2019 жылы ашылды (компьютер-1, ноутбук-10, стем панель-1). Бейнебақылау камераларының саны: 38, Медициналық кабинет-1, стомотология кабинеті-1.

 Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлігінің, дағдысының      деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі мектепте пәндік кабинеттің талапқа сай болуы.   Шеберханадағы құрал - жабдықтар 1989 жылы берілген қазіргі заман талабына сай емес, толығымен істен шыққан. Қазіргі мектеп базасының материалдық-техникалық жай-күйі жаңа жиһаздармен жаңартуды талап етеді.

Мектептегі желілік орталыққа жалғанған компьютерлер «Білімал» сервері мен  «e-learning» сервер орталығымен тікелей жұмыс атқарады. Мектеп бойынша 93 компьютер бар. Оның ішінде 3- интерактивті тақта, 1Робототехника кабинеті . Принтерлердің саны 8, сканердің саны 1 және 8 ксерокс.Жағдайы төмен отбасы балаларына қашықтан оқу үшін берілген ноутбук саны-185

Барлық компьютерлер локальді сетьке қосылған.  7 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Жаңа модификация бойынша жабдықталған кабиенттер саны – 2 (химия, биология кабинеттері).

Мектепте кітапхана және оқу залы жұмыс істейді. Негізгі кітап қоры- 48974, оның ішінде көркем әдебиеттер -11844, оқулықтар – 37130, кітап қоры көбеюде.

Медициналық кабинетпен ем-шара кабинеті талапқа сай жабдықталған.

Мектеп  38 бейнекамерамен қамтылған.

      Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан мектепте 

ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қажет.


  • сыныптар арасында «Жазғы мектеп» ұйымдастырылды

Жазғы мектепті ұйымдастырудағы мақсатоқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды   толықтыру 

Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында жұмыс жасады.. Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен / заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8  сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды.

1. Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізілді. 

2. Жазғы мектепті ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыру талап етілмейді. 

   3.Жазғы мектепте білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.

4. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

5. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілді.

 Сабаққа дайындық кезінде педагогтар оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірледі.

Осы аталған ұсынымдар бойынша 1-8 сынып оқушыларынан сыныптар құрылды. Сыныптағы оқушылар тізімі, оларға сабақ беретін педагогтар тізімі, оқу-жұмыс жоспары, сабақ кестелері, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар бекітілді. 

Бастауыш сыныптар бойынша білімінде олқылық байқалған оқушылар ата-ана өтініші бойынша жазғы мектепке тартылды. Сыныптарға бөлініп, оқу кабинеттері, пән мұғалімдері бекітілді.