«Ұлттық мектеп лигасы» атты ойыны
🏆 Мектебіміздің мақтанышы – футбол командасы! ⚽️ 7–8 сынып оқушылары (қыздар) арасында өткізілген «Ұлттық мектеп лигасы» ойындарында мектебіміздің командасы I дәрежелі дипломмен марапатталды! Бұл – оқушыларымыздың табандылығы мен ерік-жігерінің, ұстаздар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің айғағы. 💪 ⚽️ Ойын барысында қыздар өз шеберліктерін, ұйымшылдығын және спортқа деген ерекше қызығушылықтарын таныта білді. Әрбір матчта мектеп намысын қорғап, жеңіске деген сенімдерін жоғалтпады. 👏