5 «Б» сынып оқушыларының 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктері » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 5 «Б» сынып оқушыларының 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктері
20
мамыр
2024

5 «Б» сынып оқушыларының 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктері

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 5 «Б» сынып оқушыларының 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктерін жариялауды жөн көрдік. Сыныпта оқу -білімге құштар оқушыларымызбен бірге шығармашылыққа бейім, өз қабілеттерін түрлі үйірмелерге барып, шыңдап жүрген оқушыларымыз бар.  Сондай оқушыларды атап өтсек: 
Ынтықбай Раяна – спорттық балдық би және сурет үйірмелері
Құлтас  Мұхамеджан - «СМАРТ» өнер мектебі, актерлік шеберлік үйірмесі
Бектас Нахида - «Pro Art» көркемөнер мектебі, сурет үйірмесі, 
Құлынтай Алтынай – хореография үйірмесі,
Токуш Сырым – «Асық ату» спорттық үйірмесіне қатысады. 
Оқушыларымыз  қалалық, облыстық, республикалық  жарыс-байқауларда жүлделі орындарға ие болды. 
Сонымен қатар, оқушылар Кәдірман Інжу, Құлтас Мұхамеджан, Жұмағали Жанарыс, Еден Ернұр деген оқушыларымыз пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 
Сыныбымыздың биылғы жетістігі – оқушыларымыз Облыстық драма театрдың белгілі актерлерімен бірге «Тараз 24» арнасының Жеңіс сыйлаған қос батыр ҰОС кейін қалай табысқанын бейнелеген “ДОСТЫҚҚА АДАЛ БАТЫРЛАР…” атты түсірілімге түскені болды. Бұл түсірілім облыстық арнаның экранынан 9 мамыр күні көрерменге көрсетілді. 
Сілтемесін төменге қойдық. Оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

https://youtu.be/qiDhzTiMkNU
Сынып жетекшісі : Тастемирова Г.К.
[media=https://www.instagram.com/p/C7MUVxIMFC9/?igsh=MW5uOWk2ZDJia3dvaw==]