16
ақпан
2024
"Мамандық әлемінде"
«Жомарт түлек» жобасын іске асыру бойынша ақпанның 16-ы күні 9«Г» сыныбы маман иесімен кездесу ұйымдастырды.
Тақырыбы: «Мамандық әлемінде»
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау жөнінде білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру, мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, өзіндік пікірін тыңдау, ойын еркін айтуға баулу.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. Мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналып, махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже берері анық.
Кеше ғана мектеппенен қоштастық.
Таныс емес, өзгелермен достастық.
Ыстық екен балалық шақ өмірде,
Қалады екен өмір-бақи көңілде – деп, мектебіміздің түлегі, бүгінде мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, өз ісінің нағыз маманы, дарынды ұстаз – Әзбергенов Асылхан Байсалбайұлын қонақ ретінде шақырылып өз мамандығының қыр - сырын түсіндіріп бағыт - бағдар беруге келген қонағымыздың мамандық таңдауда шатаспау туралы ой – пікірімен бөлісті.