Ұлттық-қадір қасиеттерге,имандылыққа,үлкенді қадірлеуге,үлкенге құрмет,кішіге ізет атты іс-шара » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық-қадір қасиеттерге,имандылыққа,үлкенді қадірлеуге,үлкенге құрмет,кішіге ізет атты іс-шара
28
ақпан
2024

Ұлттық-қадір қасиеттерге,имандылыққа,үлкенді қадірлеуге,үлкенге құрмет,кішіге ізет атты іс-шара

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде қаңтар айында 5 «А», 9 «Б» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қыз ғұмырдың құпиялары» тақырыбында жеңгелер кеңесі өтілді. 
Мақсаты: жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаларға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру.
Міндеттері:
    • қыз баланың тұлғалық қалыптасуына қатысты талаптарды нақтылау;
    • қыз тәрбиесіндегі құндылық сапа – «пәктік» ұғымының сырын ұғындыру;
    • халқымыздағы қыз бала тәрбиесі арқылы отбасы бақытын сақтау құпияларымен бөлісу.
     Әр мемлекеттің өз заңы мен дәстүрі болатыны сияқты, әр ұлттың да өз тарихынан жеткен мәдениеті, тағылымдық өнегесі бар. Біз қазақ халқы ұлттық тәрбиемізді жас ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін жеңгелермен сырласу кешінде бас қостық. Жеңгелеріміз қыз бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, «Жаһандану заманында қазақ қыздары қандай болғаны дұрыс?», «Қыздарға қатысты талаптың ең маңыздысы?», «Отбасы бақытының қызға қатысты сырларын аша аламыз ба?» деген сұрақтардың төңірегінде ой бөлісіп, пікірлерін білдірді. Топтарға бөлініп, берілген мәтіндер бойынша  топтық тапсырмалар орындады. Сырласу кешінде жеңгелеріміз жақсы көңіл күй сыйлап, өз кеңестерімен, әсерлерімен бөлісті. 
Сынып жетекшілер: Ж.С.Жантөреева, К.А.Саққұлова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив