06
мамыр
2024
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» - атты дөңгелек үстел
Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп кітапханасында 6 мамыр күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 мамыр Жеңіс күніне орай 7 «В» сынып оқушыларына «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» - атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға соғыс кезеңдері туралы қысқаша мағлұмат беру. Осы соғыста құрбан болған ата-әжелеріміздің мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке, елжанды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушыларды 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыра отырып, Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгені туралы қысқаша мағлұмат берілді.
Оқушылар Жеңіс күніне арнаған жыр жолдарын, өлең шумақтарын мәнеріне келтіре орындады. Тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
9 мамыр Жеңіс күні – атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптар ұсынылды.
Сонымен қатар биыл Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Көрмеде батырымыздың өмірбаяны, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат берілді. Батырлығымен қоса, С.Нұрмағамбетов көптеген кітаптардың авторы.
Жеңіс күні – бұл жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің Рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алатын күн. Отанына деген шексіз табандылық пен ерліктері қатал соғыста жеңіске жеткізді. Ұлы Жеңіс күні – бейбітшілік пен жасампаздықтың асыл құндылығымыз.
#bilimim_otanyma
[media=https://www.instagram.com/p/C6rO8YkML4l/?igsh=Mm5scnhuYTg3eDhp]