"Ерлік ұрпаққа мұра", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі" » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ерлік ұрпаққа мұра", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі"
04
мамыр
2022

"Ерлік ұрпаққа мұра", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі"

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне, ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 77 жылдығына орай,  "Ерлік ұрпаққа мұра", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі" тақырыбында мектебіміздің оқушылары "Жеңіс" саябағына экскурсияға шықты. Білім алушыларға «Мәңгілік алау» ерлік пен өрліктің өшпес рухын асқақтатып, ұрпақ санасына «Даңқ» деген дана ұғымды ұқтырғандай. Батыр Бауыржан Момышұлы мен 48 батырдың артында 105 мыңға жуық жауынгердің есімі қашап жазылған мәрмардан соғылған «Даңқ» мемориалы да бүгінгі буынның өз атасын іздеп, ұзақ кідіретін орны болып тұрғандай. 5 артиллериялық зеңбірек пен қаз-қатар сап түзеген 7 ауыр әскери техникалардың тарихымен танысқан оқушыларымыздың бойында патриоттық сезім мен Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі артты деген ойдамыз.
Ұйымдастырушылар: Исаев Ғ, Азберген А., Кеңесбаева Б