30
сәуір
2022
Үздік жас маман -2022
2022 жылдың сәуір айында мектебімізде «Үздік жас маман -2022» мектепішілік байқауы өтті. Жас ұстаздардың біліктілігін, үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, қолдау көрсету, жетістіктері бар шығармашыл жас мамандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 12 жас маман қатысты.
Байқаудың І кезеңінде жас мамандар ашық сабақтар беріп, сыныптан тыс жұмыс бағытында ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған челендждерін мектептің фейсбук парақшасына жариялады. Сондай-ақ пән бойынша біліктілік тесті алынып, электронды портфолиолары тексерілді.
Байқаудың ІІ кезеңінде жас мамандар сахнада өздерін жан-жақты таныстырып, «Менің бір күнім» тақырыбында қызықты бейнероликтерін ұсынды. Сондай-ақ сұрақ жауап барысында өздерінің алғырлықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені иеленген математика пәнінің мұғалімі Ә.Жарылқапова, І орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ф.Ахметова, ІІ орынды М.Ерденова, Г.Исабекова, ІІІ орынды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Акынбеков, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Н.Бекмаханбетова, С.Ошанова, С.Жаманкулова иеленіп, диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Өз білімі мен өнерін, өзіндік идеясын, шеберліктерін көрсеткен жас мамандарымызға еңбек жолында сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз!



