12
сәуір
2022
М.Әуезовтің 125 жылдығына орай "М.Әуезов -қазақ әдебиетінің тарланы" атты әдеби кеш
2022 жылдың 12сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен хх ғасырдың заңғар биігі, ұлы жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай "М.Әуезов -қазақ әдебиетінің тарланы" атты әдеби кеш өтті.
Кеш барысында 8-сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталса, 9-сынып оқушылары "Абай жолы" роман- эпопеясынан "Абай оқудан қайтқанда" үзіндісін оқыды. 6-сынып оқушылары Қасым Аманжоловтың "Мұхтар аға!", Сырбай Мәуленовтің "Мұқаңа", Әбдіраш Жарасқанның "Тарих заңы", Мұхтар Шахановтың "Менің есімімді неге Мұхтар қойған" тақырыбындағы арнау өлеңдерін оқыды. Сондай -ақ, көрермендерге Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын бейнефильм көрсетіліп,жазушының өз даусы тыңдалды. "Заманымыздың заңғар жазушысы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі, көркем сөздің шыңына шығып,соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу- біздің міндетіміз деп танимыз.



