Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбие бастауы» апталығы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбие бастауы» апталығы
11
қыркүйек
2026

Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбие бастауы» апталығы

Тақырыбы:  Тақырыбы:  Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбие бастауы» апталығы: ашылу лездемесі, отбасылық құндылықтар көрмесі, фото-челлендж және қорытынды кездесу. 
Құндылық: Бірлік және ынтымақ
Жұмыс түрі: сурет байқауы, көрме, сынып сағаты
Қатысушылар: 1-8 сыныптар

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте 1–8 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында апталық өткізілді.

   Апталықтың мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту және отбасының бала тәрбиесіндегі маңызын насихаттау.

   Апталық аясында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, апталық «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы фотокөрмемен ашылып, 3–4 сынып оқушылары отбасылық фотосуреттер мен плакаттар ұсынды.   1-сыныптарда «Ана – отбасының шамшырағы» тақырыбында сынып сағаттары, 8-сынып оқушылары арасында «Ата-ананы құрметтеу – азаматтың борышы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

    Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» атты кітап көрмесін ұйымдастырса, Ата-аналарды қолдау орталығының бастамасымен 7-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджі өткізілді.

3-сынып ата-аналарының қатысуымен «Өмірге салауатты қадам» отбасылық спорттық эстафетасы ұйымдастырылып, апталық «Бақыт отбасынан басталады» атты спорттық іс-шара және концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Қорытынды: «Отбасы – тәрбие бастауы» апталығы өз мақсатына жетті. Өткізілген іс-шаралар отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

  1.