15
мамыр
2026
«Жазғы демалыс кезіндегі көшеде, жолда және су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында тәрбие сағаты
2 «Е» сыныбында «Жазғы демалыс кезіндегі көшеде, жолда және су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, көшеде, жолда және су айдындарында өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар жолда жүру ережелерімен танысып, жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді қайталады. Сонымен қатар су айдындарында сақталатын қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары айтылды. Оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз ойларын ортаға салды.
Тәрбие сағаты балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сақтық пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды.
Сынып жетекшісі: Куракбаева Г.С
[media=https://www.instagram.com/reel/DYcxQwcInXp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]