19
наурыз
2024
«Бір отбасы – бір кітап» атты акция
Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп кітапханасының оқырмандарына 19 наурыз күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір отбасы – бір кітап» акциясы өтті.
Мақсаты: отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту. Қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды саралап, бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту.
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты. Акцияға 4 «Б», 6 «В», 7 «Г» сынып оқушылары мен ата- аналары белсене қатысты.
Ұйымдастырушы: Кітапхана қызметкерлері.
[media=https://www.instagram.com/p/C4saiKAIiWV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==][media=https://www.facebook.com/taraz48mail.ru/posts/pfbid0nvCHADaWvDgGL1BRotadRA2m1chTVoDtifdf4HgjQfCrMTKJBmnEEy7sLqEYBZHVl]