"Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге" » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге"
15
наурыз
2024

"Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге"

Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының арасында ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге " атты тақырыбында 15.03.2024 ж ақ бауырсақ мерекесі өтті. 
Іс-шараның мақсаты: ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру. Бастауыш сынып оқушылары бауырсақтың бірнеше түрімен таныстырып, мектеп оқушыларын, ұстаздарын Наурыз мерекесімен құттықтап, бауырсақтан дәм ауыз тиюге шақырды. Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп молшылық пен тоқшылық болсын деп баталары мен тілектерін айтты.