04
наурыз
2024
Облыстық ассамблея өкілдерімен кездесу
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде 4-наурыз күні 9-сынып оқушыларының облыстық ассамблея өкілдерімен кезекті кездесуі өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі, ассамблея ардагері Досыбиева Валентина Николаевна және көрме залының меңгерушісі Шілдебаева Жазира ассамблеяның жұмысы мен Достық үйінде өткізілетін іс-шаралар туралы айтып, диалог нысанында сұрақ – жауап құрды.
Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, елімізде болып жатқан, Достық үйінде мерекелер мен салтанатты кездесулерді өткізуге негіз болған сол немесе өзге де оқиғалардың мән-мағынасы жайында әңгімеледі.





