11
мамыр
2026
«Әйел – ізгіліктің бастауы» атты әдеби кеш
Мамырдың екінші жексенбісінде тойланатын Аналар күні – Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптейтін маңызды мереке. «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер -ана», «Отан - ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», - деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Осы орайда мектебіміздің кітапхана қызметкерлері қалалық орталықтандырылған Абай атындағы кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып «Әйел – ізгіліктің бастауы» атты әдеби кеш өткізді. Кештің мақсаты: оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Іс-шараға атсалысқан барлық оқушылар мен ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.
[media=https://www.instagram.com/reel/DYRMct1oBQZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
[media=https://www.instagram.com/reel/DYRMct1oBQZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]