№48 Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің директоры Б. Сапаралиева қалалық, облыстық байқау жүлдегерлерін марапаттады.
Тараз қаласы №48 Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің директоры Б. Сапаралиева қалалық, облыстық байқау жүлдегерлерін марапаттады. Атап айтсақ, 2-7 сынып білім алушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінде Умербек Адема 3 орын, Болатбек Айзере ІІ орын, Жансерік Жансезім мақтау қағазбен марапатталды, 5-6 сынып білім алушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадада Сәкен Амина ІІ орын, Алибек Абзал, Зару Дана ІІІ орын иеленді. Бастауыш сынып арасында өткен қалалық «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты шығармалар байқауында Өмірбек Ақмарал ІІ орын, Мәңгілік ел жастары қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жас журналист» байқауында Алтай Сабина І орын иеленді. 8-11 сынып білім алушылары арасында өткен зерттеу жобасы конкурсының қалалық кезеңінде 11- сыныптан Абдраим Саяжан ІІ орын иеленіп, Сүйеубай Баян алғыс хатпен марапатталды.













