22
қаңтар
2024
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» атты байқау болып өтті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» атты байқау болып өтті. Байқаудың мақсаты: оқушыларды кітап оқуға деген, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, кітап оқуға тартудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін қолдануға ынталандыру. Оқушылардың рухани жағынан дамуына ықпал ету.
Байқау төрт номинация бойынша өткізілді.
1. «Менің сүйікті кітабым» бейнеролик немесе презентация. Оқырманның өзін-өзі таныстыруы (уақыт – 5 минут)2. «Қазақ поэзиясының құлагері» атанған қазақтың суреткер ақыны, драмашы, прозашы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу (уақыт – 5 минут)3. «Сөз маржанын терейік...» (Жасырынған мақал –мәтелдерді табу).4. «Ізден, талаптан, оқырман!» тақырыбында «Әдеби джем» ойыны. (Ұсынылған мәтіннің тақырыбын, авторын табу).Байқау соңында оқырмандар мақтау қағаздарымен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ- орынмен 7 «Б» сынып оқушысы Жаскелеңова Дамира,
7 «Г» сынып оқушысы Зару Дана, 7 «Е» сынып оқушысы Мақсұт Жания марапатталды. ІІ – орынмен 7 «А» сынып оқушысы Жаңабек Еңлік, 7 «Б» сынып оқушысы Батырбек Еркеназ, 7 «В» сынып оқушысы Жұмаділ Аяна марапатталды.
І- орынмен 7 «В» сынып оқушысы Есмұрат Еркежан марапатталды.
Ал, Бас жүлдені 7 «Д» сынып білім алушысы Кенже Анар иеленді.
Іс-шараға атсалысқан барлық оқушылар мен мұғалімдерге алғыс айтамыз.
Ұйымдастырушы: кітапхана қызметкерлері.