Қашықтықтан оқыту » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқыту
24
сәуір
2020

Қашықтықтан оқыту

Көдекова Рая Ыбышқызы,қ азақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
48 орта мектеп, Тараз қаласы
Қазіргі таңда әлемдегі орын алып жатқан жағдайға байланысты Қазақстанның ұстаздар қауымы төртінші тоқсанды қашықтықтан оқытумен бастады. Бұл – таралған дерттің алдын алу бойынша жасалынып отырған шара. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде оқушылардың үйде отырып-ақ қашықтықтан білім алуына Білім және ғылым министрлігі тарапынан барлық мүмкіндік жасалуда.
Осы тұрғыда Тараз қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебінің ұстаздар ұжымы да қаруланған әскердей қашықтықтан оқыту форматымен белсене жұмыс атқаруда.
Бүгінгі күні мектеп ұстаздары ақпараттық құралдарды,ғаламтор желісін, әртүрлі платформаларды сабақ жүргізу процесінде тиімді пайдаланып келеді. Қашықтықтан оқыту – қажеттіліктен туындап отырған оқу үдерісі болып отыр. Оны іске асыруда аса қиындыққа тап болмадық ,өйткені қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі түрлі платформалардың ресурстарын қолданатын мұғалімдер баршылық.
Мектеп басшылығы қашықтықтан оқыту кезінде туындаған қолайсыздықтарды шешуде ата -анаға ,балаға оңтайлы жағдай жасап келеді, түсіндіру жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Өйткені ұжымның ,ұстаздардың алдында тұрған міндет: балаға тиімді білім беру.
Ұстаздарымыз білім беріп қана қоймай, Республикалық, облыстық, қалалық жыр,шығарма,күй байқауларына да оқушыларын қашықтықтан қатыстырып жатыр.
Қашықтан оқыту форматымен сабақ жүргізуде өз тәжірибеме келетін болсам,алдымен білім алушылармен психологиялық қарым- қатынас орнатамын.Жағымды ахуал баламен ары қарай жұмыс жүргізуге көп септігін тигізетінін әрбір ұстаз біледі .Одан кейін білім алушыны бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстырамын. Тапсырмаларды орындау кезінде жеке -жеке ұсыныстар беріп отырамын .Білім алушыға интернет арқылы мультимедиялық сабақтарды көріп,тыңдауға кеңес беріледі. «Bilimland», «Daryn online» білім ресурстарын да мүмкіндігінше белсенді пайдаланамын.Осылайша күнделікті сабақты, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлендіріп отырамын.
Қалай болғанда да, осы сәтте мектеп, ұстаз, білім алушы, ата-ана арасындағы байланыс одан әрі нығая түскендей. Осындай қиын кезеңде кері тартпай,бірлікті ұстана,бәріміз бірге оқу жылын табысты аяқтайық,аяулы ұстаздар! Біз біргеміз!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив