«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ҮДЕРІСІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ҮДЕРІСІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
31
қаңтар
2019

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ҮДЕРІСІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

    Т.Рысқұлов атындағы №48 орта  мектепте     «Сабақты   зерттеу»  үдерісінің  жүргізілуі

Сабақты   зерттеудің  мақсаты:  Әдіс-тәсілдерді  жетілдіру   арқылы   оқыту мен   оқу  сапасын  арттыру

   2018-2019   оқу  жылында  мектепте бастауыш  сыныптар   әдістемелік  бірлестігі  мұғалімдерінен    «Жаңашыл   ұстаздар»  қоғамдастығы  құрылып,жұмыс   жоспары  жасалды. Қоғамдастыққа  I деңгейлік  курстан   өткен  Сапарбекова  Гүлжазира    жетекшілік  етті. Жоспар  жасауда   мектептің  даму  жоспары   басшылыққа  алынды.  МДЖ-да қараша, желтоқсан  айларына   бастауыш  сыныптарда  «Сабақты   зерттеу» (Lesson  Studi)    жүргізу  жоспарланғандықтан  қоғамдастық   аясында  СЗ үдерісі  бойынша   арнайы  жоба  әзірленді.

    I тоқсан  қорытындысы   бойынша   2 «Е»,2 «Д», 3 «Ж», 4 «Е», 4 «Г»    сыныптарының  білім  сапасы   төмен  екені    анықталды.    Осы  сыныптарда   әдістерді  жетілдіріп ,оқушылардың  білім алуына  көмектесу   мақсатында  зерттеу  жүргізу   көзделді.

СЗ-ді    жүйелі жүргізіп,  нәтиже   шығару  мақсатында  « Педагогикалық  шеберлік   орталығы»  директоры  атына   мектеп   директоры  атынан  сұраныс   хат 

 әзірленіп,  нұсқаушы   тағайындау  сұралды.    ПШО   директорының  арнайы  бұйрығы   негізінде     тренер Тортаева  Гүлмира   Балтабевна  мектебімізге нұсқаушы  болып   тағайындалды. Сондай-ақ   нұсқаушы    СЗ  жүргізу    бойынша  мектепте бірнеше  оқыту   семинары  мен  коучингтер   өткізуді  жоспарлады.

Тортаева  Г.Б.   «Сабақты  зерттеуді»  жоспарлау    және  өткізуді  ұйымдастыру» атты алғашқы   оқыту   семинарын   мақсаты мен  міндеттерін   ұстаздарға  таныстырудан  бастады. 

Алғашқы  оқыту   семинарынан көріністер.......

   «Сабақты  зерттеу»   үдерісіне  , тарихына    кеңінен   тоқталып  өтті.1870  жылдары   Жапонияда  тәжірибені  жақсарту   мен  жетілдіру  мақсатында   пайда  болып, Жапониядан  басқа   елдерде  2007  жылдан   бастап  тәжірибеге  енгізіле   бастаған.    Қазақстан  да   алғашқылардың бірі  болып   ықылас   танытқандығымен  таныстырды. Сабақты  зерттеудің  ұстаздардың   кәсіби  деңгейін  көтеруге   де  қосар  үлесі   зор  екеніне  тоқталды.СЗ тәсілін  іске   асыру  барысымен  таныстырды.   Алдын-ала  қалай  жоспарлауға   болатынын,  өткізуді  қалай   ұйымдастыру  керектігіне  көз   жеткіздік.СЗ  үшін топта   әдетте   үш  мұғалімнен кем  болмауы   керектігі  айтылды. Тек  бір   мұғалім  ғана  сабақ   беретіндігіне  қарамастан,  зерттеу   үшін  бүкіл  топ   жауапкершілік  алатындығына  баса   назар  аударылды.  Зерттеу   барысында  мұғалімнің  емес   оқушының   әрекетін  бақылау керектігіне  тоқталды. СЗ   жүргізу  3 циклден  тұратынын   түсіндік. Кестемен  жұмыс жасау,оқушы  үніне  құлақ   асу  секілді  жайттар   туралы  білдік.Соңында  ұстаздар   кері  байланыс  парағын   толтырды

Семинар,коучингтерге  барлық   бастауыш  сынып  мұғалімдері   қатысып,  сабақты  зерттеуді   зерделеді.   Сабақты  зерттеу   мақсатында  арнайы  5   топ  құрылды.  Ол   топтарға    мектептегі  I , III деңгейлік  курстардан   өткен  мұғалімдер  Сапарбекова Гүлжазира, Назарбекова  Фарида, Туребекова Меруерт,Лебетова  Гүлназ  және   бірлестік  жетекшісі Жаңбырбаева Айжан   координатор   болып  тағайындалды

   Г.Тортаеваның    келесі  коучингінің   тақырыбы  «Сабақты  зерттеу »   үдерісі  деп  аталды.Коучингті    БББ   кестесін  толтырудан  бастадық.   Осы  коучингтен  не   үйренгіміз  келетінін  анықтап   алған  соң  іске   кірістік.  Арнайы  кестенің   көмегімен  «Мінсіз  оқушы»   қандай  болу  керектігін   ,сыныптардағы проблеманы   анықтадық.   Нәтижесінде   коучингкке   қатысқан  5  топ   өз  зерттеу  тақырыптары   мен  мақсаттарын  мектептің   даму  жоспарына  негіздеп   жасады. 

1-топ   Диалогтік  оқыту әдістерін  пайдалану   арқылы    сөйлеу  дағдысын   арттыру

2-топ  Ашық  тапсырмалар   арқылы  оқушылардың  зерттеу   дағдысын  қалыптастыру

3-топ  Диалог  арқылы   оқушылардың  сын  тұрғысынан   ойлауын  дамыту

4- топ  Сын  тұрғысынан    ойлауға   үйрету  тәсілдерін   қолдану  арқылы  оқушылардың    сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру

  5-топ  Сабақта   сұрақ  қою арқылы  өзін-өзі   бағалау,реттеу  дағдыларын  қалыптастыру   деген  тақырыптарды  басшылыққа   алды.

Соңында  осы  коучингтің   қандай  пайдасы  болды?   -деген  сұраққа  ұстаздар   тұщымды  жауап  бере   алды.


.    СЗ-ді   жүргізу  мақсаты «Жаңартылған  білім беру   бағдарламасы арқылы   оқушылардың  таным белсенділігін  арттыру» болғандықтан   білім   сапасы  төмен  сыныптар   жетекшілері  мен  СЗ  топтары   бірлесіп  сабақты  зерттеу   тақырыптарын ,пәндерін,   өтетін  күндерін  анықтады.     Мектеп  директоры  бұйрығымен      СЗ   жүргізу  уақыты  бекітілді. 

   Жоспар  бойынша   сабақтар  жүйелі  зерттеліп, қорытындыланды. 23қаңтар күні  бастауыш   сыныптар  бірлестігінің онкүндігі  аясында  «Ашық   сабақты зерттеу»  мектепішілік  тәжірибе   алмасу  семинары  өтті.  Семинарда   екі  топта ашық  сабақтар   беріліп, соңында  талқылау  жүргізілді.   

   3 «Ж»  сыныбында   Бейсбаева Айман   жаратылыстану  пәнінен «Топырақтың  қасиеті» ,   4 «Г»  сыныбында  Жақып   Айман  әдебиеттік  оқудан   Е.Жұмаханов  «Ақ боран»   тақырыбында   ашық  сабақтар  өткізді.   


Ашық   сабақтарға  мектептегі  шығармашылық топ  мүшелері,басқа  бірлестік   мүшелері  қатыстырылды. Арнайы  нұсқау   бойынша  қатысушылар  сабақты   зерттеп,  сабақ  соңында   талқылау  жүргізді.  ПШО   тренері  Г.Тортаева  бақылаушы   ретінде  қатысып,  талқылауды   жүргізді.

Ашық  сабақты  зерттеуге   қатысушылар  сабақты  зерттеу   үдерісіне  қатысты  сұрақтарына     жауап алумен қатар  тәжірибе   жүзінде  үйренді.  

   Осындай  игі   шара  алдағы  уақытта   да  жалғасын  таппақ. Қаңтар,ақпан,наурыз  айларында  6-8   сыныптарда  сабақтарды  зерттеу   жоспарланып  отыр.  «Сабақты   зерттеу»  мақсатында  осы   сыныптарда  сабақ  беретін   ұстаздардан  6 топ  құрылды. Қазіргі  таңда   сыныптардың  проблемалары  анықталып,   тақырыптары  айқындалды.Осы  зерттеулер   нәтижесі  наурыз  айының   соңында  жарияланбақ.

  ПШО-ның  облыстық   білім  басқармасына  ұсынысы   бойынша  сәуір  айында    «Сабақты  зерттеу» үдерісі  бойынша    облыстық  семинар өткізу  жоспарланып   отыр.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Andrewaffor
6 Сәуір 2021 13:51
микрозайм на киви кошелек без отказа без проверки мгновенно

---

бабло побержает зло

---

воздушные шарики

---

праздник не праздник без шариков

---

купить семена томатов онлайн

---

купить огурцы можно тут

---

госуслуги войти через снилс личный кабинет

---

как пользовать сайтом

---

гелиевые шары

---

и добавить больше нечего

активация windows 7 максимальная