Қамқоршылық кеңес
2018 жылдың 10 қыркүйек күні Қамқоршылық кеңесінің отырысында мектеп директоры Абдешова Айжан Ақтілеуқызының
3 тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Ол, Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деп талап қойғаны белгілі. Жаңа экономикалық саясатқа көшу адами капиталдың дамытудың жаңа тәсілдерін қажет етеді. Солардың бірі – орта білім беру мазмұнын жаңарту. «Әр істің өз іргетасы бар» дегендей, әр оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық.
2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 57 оқушы аяқтап, 54 түлек ҰБТ тапсырды.3оқушымыз Бексаут Нұргүл,Төленова Алина, Дүйсенбекова Аружан «Алтын белгі иегері», 3 оқушымыз Тоқтасын Ернат,Хамзахунова Амина, Шамша Алтынай үздік аттестат иегері атанды.
Жалпы орта балл 89,8 құраса, 7 түлек шығармашылық тапсырып, орта балл 28 құрады. Қала мектептері арасында 10-шы орынға көтерілдік.
ҰБТға қатысқан 54 оқушының31-і грант иегері болды.
Ұлттық жоспарды жүзеге асыруда Елбасының білім саласына жүктеген тапсырмалары көп. Біздің міндет – сол берілген тапсырмаларды абыроймен орындау. Бұл ретте ұстаздардың еңбегі ерен.
Дарынды оқушылар жетістігін атап өтсем:
Халықаралық байқауларда:264оқушы, республикалықта : 225 оқушы,облыстықта :1 оқушы,қалалықта:52 оқушыжүлделі орындарды иеленді.
Қалалық оқушылар спартакиадасының қорытындысы бойынша мектептің құрама командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ақпан айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлы Дала ұландары» атты оқушылар шығармашылығынң фестивалінде мектеп оқушылары, ұстаздары үлкен белсенділікпен қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда халықаралық жарыста 174 оқушыға, республикалықжарыста - 4 оқушыға ,қалалық жарыста 16 оқушыға артқан,
облыстық жарыста 5 оқушыға кеміген
Өткен оқу жылында мектепте 12 үйірме жұмыс істеді. 4 үйірме сәндік қолданбалы бағытта 2 үйірме спорттық бағытта 3 пәндік үйірме жұмыс ітеді. Оған барлығы 621 оқушы қамтылды. Бұл оқушылар контингентінің 35% құрады.
2018-2019 оқу жылына дайындау үшін қалалық білім бөлімінен 460000 теңге бөлініп, қажетті құрылыс заттары алынды.Екі спорт зал, асхана, мәжіліс залы, кітапхана, дәліздер, текпішектер, әжетханалар техникалық қызметкерлердің көмегімен әктеліп, сырланды.ҚББ 500 шаршы метр еден төсегіш (линолиум) берілді. Бұл еден төсегіш төменгі сынып бөлмелеріне салынды:
Бастауыш блоктың 10, 15, 16, 17-ші кабинеттері, жоғары блоктың 3, 4, 6, 20, 21-ші, қабылдау бөлмесі мен мұғалімдер бөлмесі. Жоғары блоктың 22-ші кабинеті ата-аналардың көмегімен еден төсегіші жаңалады.
Сонымен қатар 100 дана люмминисцентті лампалар алынып, барлық күйген лампалар орнына салынды. Әжетханалардағы қол жуғыштар жаңаланды.Жылу құбыры шайылды деп өз есебін аяқтады.