23
мамыр
2025
"Білімім-Отаныма" тақырыбында сынып сағат өткізілді.
Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 7 " Б " және 7"В" сыныптарында "Білімім-Отаныма" тақырыбында сынып сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке, елжандылыққа, жауапкершілікке үйрету.
Білім алу арқылы Отанға қызмет етудің жолдарын ұғындыру.
Сынып сағаты барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің құттықтау бейнежазбасы тыңдалды және оқу екпінділері, үздіктері марапатталды.