23
мамыр
2025
“Білім-Отаныма” тақырыбында сынып сағаты
23-мамыр күні 6”Г” сыныбымен “Білім-Отаныма” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға отаншылдық рухты оятатын, білім мен еңбекке деген құрметті дәріптейтін баяндама жасалып, қызықты ойындар өткізілді. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері елге қызмет ету, адалдық пен жауапкершілік сынды асыл құндылықтарды оқушыларға жете түсіндірді.