15
қаңтар
2019
"Жаңашыл ұстаздар" қоғамдастығы құрылып, "Сабақты зерттеу" (Lesson Study) үдерісін зерделеу
Бастауыш сыныптар бірлестігінде "Жаңашыл ұстаздар" қоғамдастығы құрылып, "Сабақты зерттеу" (Lesson Study) үдерісін зерделеу бойынша жоба әзірленген болатын. Мектеп директорының арнайы сұраныс хатымен Педагогикалық шеберлік орталығы тренері Тортаева Гүлмира Балтабаевна мектебімізге нұсқаушы ретінде тағайындалып, сабақты зерттеуді жүргізу бойынша бірнеше оқыту семинарлары мен коучингтер өткізді.
Сабақты зерттеу әдісі бойынша осыған дейін меңгерген Пит Дадлидің нұсқаулығына сай теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұштастырудың мүмкіндігі туды. Оқыту семинарында ұтаздар ынтымақтастықпен тәжірибе алмаса отырып,жақсы нәтижеге жетуге бағыттайтын бірлескен педагогикалық тәсіл екеніне көз жеткізді.
Сабақты зерттеу мақсатында бірнеше топтар құрылды. Ол топтарға I,III деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер координатор болып тағайындалды. Зерттеуді тыңғылықты жүргізу арқылы ұстаздарда сабақты зерттеу дағдысы,әдістерді жетілдіріп отыру дағдысы қалыптасты. Оқушы үніне құлақ асу оң нәтиже беретініне көз жеткізді.Тәжірибеге өзгеріс енгізе отырып ,білім беруді жетілдіруге бағытталған ерекше педагогикалық тәсіл ұстаздардың кәсіби дамуына жол ашатыны сөзсіз.
Алдағы уақытта мектебіміздегі өзге бірлестік мүшелерімен тәжірибе алмасу мақсатында қаңтар айының соңында мектепішілік "Ашық сабақты зерттеу" семинарын өткізу жоспарланып отыр.