17
қаңтар
2019
«Тиімді оқыту және бағалау» тақырыбында оқу семинарын өткізді
Мектеп директоры А.Абдешованың ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығына» жолданған сұраныс негізінде 2019 жылдың 11-14 қаңтар аралығында Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп базасында Алматы қаласы ПШО филиалының тренері Д.Қ.Ибрагимов «Тиімді оқыту және бағалау» тақырыбында оқу семинарын өткізді. Семинар барысында қатысқан 34 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша критериалды бағалау, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ, оқыту мақсаттары, табыстылық критерийі, дескриптор, кері байланыс, рефлексия туралы терең түсініп, білімдерін кеңейтті. Тәжірибелі тренер оқу семинарын жоғарғы деңгейде өткізді, мұғалімдер зор қызығушылықпен қатысты.






