Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық зерттеу
2025 жылдың 19 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Жамбыл дарыны” аймақтық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп- гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.