Материалы за Қазан 2025 года » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года
“Маралтай оқулары” шығармашылық байқауы
31
қазан
2025
“Маралтай оқулары” шығармашылық байқауы
Жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында өткен қалалық “Маралтай оқулары” шығармашылық байқауында 10 “Г” сынып оқушысы Береке Алдияр жүлделі II орынға ие болды! 🏆 Жас талантты шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! ✨ Жетекшісі: Исабекова Г.Н
«Алғыс арқалаған арда мамандық» атты кездесу
26
қазан
2025
«Алғыс арқалаған арда мамандық» атты кездесу
Абай атындағы орталық кітапханасында кітапхана қызметкерлері мен Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырмен 26 қазан -әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай «Алғыс арқалаған арда мамандық» атты кездесу кеші өтті. Мақсаты:Кітапхана оқырмандарымен қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жанынан табылатын әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізу. Іс - шара барысында 8-ші сынып оқушыларының қатысуымен және «Әлеуметтік қорғау жүйесі
"Кітап оқы - арманға ұмтыл!" атты кітапхананың үздік оқырманы
24
қазан
2025
"Кітап оқы - арманға ұмтыл!" атты кітапхананың үздік оқырманы
Жамбыл облыстық әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған "Әулиеата - кітап оқитын өңір" жобасы аясында өткен "Кітап оқы - арманға ұмтыл!" атты кітапхананың үздік оқырманын анықтау байқауына белсене қатысқаны үшін мектебіміздің 6"В" сынып білім алушысы Әбсат Алинұр Саматұлы алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
«Республикам – мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты
24
қазан
2025
«Республикам – мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты
Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 4 "В" сыныбында «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға туған еліміз – Қазақстан Республикасы туралы терең түсінік беру, рәміздеріміздің, Тәуелсіздіктің мәнін ұғындыру. Отанға, туған жерге, ел тарихына, рәміздерге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық рухты, ұлттық сана мен мақтаныш сезімін арттыру, өз елінің жетістіктерін бағалай білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Омарова А.С.
«Ұлттық мектеп лигасы»  атты ойыны
22
қазан
2025
«Ұлттық мектеп лигасы» атты ойыны
🏆 Мектебіміздің мақтанышы – футбол командасы! ⚽️ 7–8 сынып оқушылары (қыздар) арасында өткізілген «Ұлттық мектеп лигасы» ойындарында мектебіміздің командасы I дәрежелі дипломмен марапатталды! Бұл – оқушыларымыздың табандылығы мен ерік-жігерінің, ұстаздар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің айғағы. 💪 ⚽️ Ойын барысында қыздар өз шеберліктерін, ұйымшылдығын және спортқа деген ерекше қызығушылықтарын таныта білді. Әрбір матчта мектеп намысын қорғап, жеңіске деген сенімдерін жоғалтпады. 👏