"Менің Отаным - Қазақстан" атты тәрбие сағаты
Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 4"В" сыныбында "Менің Отаным - Қазақстан" атты тәрбие сағаты аталып өтті.Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Қазақстанның тарихы, рәміздері, табиғаты мен мәдениеті жайлы білімдерін кеңейту. Елін, жерін сүйетін, отансүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. «Мен – Қазақстан азаматы» деген мақтаныш сезімін ояту. Сынып жетекшісі: Омарова А. С