01
сәуір
2022
"Сабақты зерттеу"
Мұғалімнің өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдірудің бір жолы- сабақты зерттеу үдерісіне қатысу. Сабақты зерттеу- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.
"Сабақты зерттеу " үдерісі үздіксіз жүретін процесс болғандықтан, келесі сабақты зерттеу 5 "Б",7"Е" сыныптарында 1.03- 18.03.2022ж. күндері аралығында жүргізілді. Сабақты зерттеудің мақсаты: Диалогтік оқыту арқылы білім алушылардың сөйлеу дағдысын дамыту.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін сабақты зерттеу тобы құрылды. Зерттеу тобына пән мұғалімдері, сынып жетекші және психолог мамандар қатысты. Зерттейтін сыныпты таңдауда пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, зерттеуге II тоқсанда білім сапасын төмен көрсеткен 5 "Б",7"Е" сыныптары алынды.Пән мұғалімдері мен зерттеу тобы бірлесе отырып, тізбектелген сабақ жоспарын құрды.Пән мұғалімдерімен кеңесе келе АВС деңгейлі үш оқушы анықталып, тізбектелген сабақтар (математика, ағылшын тілі, қазақ тілі)барысында бақыланды. Сабақтарда пән мұғалімдері "Шынжырлы велосипед ", "Тұлғаны таны ", "ПОПС формуласы ","Еркін микрафон ", " Қас қағым сәт ", "Ыстық орындық ", "Интервью ", "Тұжырым кестесі " әдістерін қолданды.Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынды.
"Сабақты зерттеу " үдерісінен кейін тізбектелген сабақтарға талдау жасалды.Пән мұғалімдеріне АВС деңгейіндегі оқушылармен әрі қарай жұмыс жасалынып, диалогтік оқыту арқылы білім алушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында сабақта белсенді іс-әрекеттерді қолдану ұсынылды.


