Анадан асқан жан бар ма?
Мектебімізде 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Анадан асқан жан бар ма?» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылардың нәзік жандыларға деген құрметін көрсету, аналар мен аруларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында "Өзін-өзі басқару" тобының мүшелері мен 6 «Б» сынып жетекшісі Жүнісова Бақытгүл, 6 "В" сынып жетекшісі Раздықова Нұрсұлудың ұйымдастыруымен ұстаздарға арнап мерекелік кеш өтті.
"Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек..." демекші, биылғы концерттік бағдарлама ерекше ұйымдастырылды. Бұл бағдарлама негізінен мерекелік іс-шараға дайындық ретінде сахналанды. Сахнаны 6-сыныптың ұл балалары Б. Төлегенованың орындауындағы "Ана" әнін өздері хормен орындады , орындау барысында режиссердің телефонмен сөйлескен сәтін пайдаланып, замани би ырғағына ауысып, өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Сондай-ақ, "Өзін-өзі басқару" тобы ата-ана мен сынып жетекшінің бір күндік тынысынан музыкалық көрініс көрсетіп, көрермендерге көңіл күйін көтерсе, 6 "В" сынып оқушы Оңласын Нұрмамбет қазақ күйлерінен попури орындап ерекше ықыласқа бөленді. 6"Б" сынып оқушысы Бақыт Аңсар "Әке - ана" әнін орындаса, 6 "В"сыныбының ұл-қыздары "Қыз бала " әнімен , Сәбит Каусар "Мереке" сазды әндерімен көпшілікті баулады. Сонымен қатар, мектебіміздің "Інжу" би тобы сахнаның ажарын келтіріп, өз өнерлерін көрсететті.
Мерекелік іс-шара соңында оқушылар ықыластарын білдіріп, қолдарымен жасаған гүлдерін ұстаздарына тарту етті.
Мерекелік іс-шараға өз шәкірттерін дайындаған үйірме жетекшілері - Ш. Жолсеиітова, З.Мәселбекова, сынып жетекшілері - Б. Жүнісова, Н.Раздықова.

