«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік
2018 жылдың 19-30 қарашасы аралығында Дүние жүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік өткізілді.
«Мен және менің құқығым» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында шығарма байқауын өткізуге қазақ тілі пәні бірлестігі атсалысты.
«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғаудағы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында социолог М.Бердиханова ата-аналармен әңгіме өткізді.
Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқық қорғау, прокуратура органдары қызметкерлерімен бірге «Қылмыс соңы - жаза» атты дөңгелек үстел өткізілді. №8 мобильдік топтың жетекшісі Р.Ильясов жасөспірімдер сұрақтарына жауап берді.
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында 6-11 сынып оқушыларнан сауалнама жүргізілді. Психолог Ж.Қарамырзаева сауалнама қорытындысын шығарды.Оқушылардың құқықтық сауаттылығына баға берді және «Адамгершілік қағидалары» туралы дәріс оқып, «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген Жүсіп Баласағұнның ғибрат сөзін талдады.
«Бақытты отбасы» фото байқауы өткізілді, бұл іс-шараға ата-аналар тарапынан да қызығушылық танытты.
Іс-шараға атсалысқан оқушылар марапатталды.



