«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
2019 жылғы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны
Балалардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болудан,еңбектің ең нашар түрлеріне тартылуын болдырмау ,алдын алуға байланысты отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы ,зорлық-зомбылықсыз жарқын болашақ жөнінде, «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында ақпарат-насихат жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерге салынды.
кітапханада ақпаратты тарату бұрышы жасалды.
1 маусым «Балалар күні» мерекесіне орай мектеп жанындағы лагерь қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік іс-шара және «Бала құқығы – адам құқығы», «Мен және менің құқығым», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Жабайы сауда орындары мен ойын-сауық кешендерінде бала еңбегін қанауға,пайдалануға қарсы алдын алу жұмыстары бойынша «Қайқармет» , «Жібек жолы» базарларына және «Самал», «Алатау», «Мыңбұлақ» мөлтек аудандарына рейд ұйымдастырылып,нәтижесінде қаңғыбастық, қайыршылықпен айналысушы балалар кездескен жоқ.