Ақпан психологиялық кеңес беру айлығы
«Ақпан айы– жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру» айлығы
2019 жылы 1 – 28 ақпан аралығында мектепте «Ақпан айы – жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру» атты айлық өткізілді. Айлық барысында жүргізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай барлық іс-шаралар жүйелі түрде өткізілді.
Айлық барысында оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық ахуалының үйлесімді дамуына қолдау көрсету, психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау, алдын алу және түзету жұмыстарын жандандыру. мақсатында «Жарасымды қарым-қатынас», «Ақпан айы психологиялық кеңес беру айлығы» тақырыптарында стендттер жасалынып, оған «Позитивті ойлаудың пайдасы», «Стрессті жеңуге болады» деген тақырыптарда оқушыларға арналған кеңестер ілінді.
Жеткіншек жастағы оқушылардың психикалық денсаулық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынып, девиантты, аутодеструктивті мінез-құлықты және психикалық бұзушылыққа бейім оқушылармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Айлықтың ашылуына байланысты мектеп оқушылары мен мұғалімдердің психологиялық білімін арттыру мақсатында «Психологиялық кеңес беру айлығы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Стресске бейімділігі жоғары оқушылармен эмоционалдық қысымды түсіруге арналған түзету сабақтары жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді. Түзету сабақтарының тақырыптары - «Мен өмірді таңдаймын!», «Менің арманым», «Стрессті лайықты қарсы алайық», «Эмоция әлемі», «О`кей» көңіл күй!», «Жарасымды қарым қатынас».
11-15.02.2019ж. аралығында «Мейірімді жүрек, жылы тілек!» психологиялық апталық өткізілді. Апталық барысында 5-10 сыныптар арасында «Жарасымды қарым-қатынас» плакаттар галереясы өткізілді. «Бала – біздің болашағымыз!» деген тақырыпта ата-аналарға психологиялық кеңес беру – ашық есік күні, және «Жарасымды қарым-қатынас» тақырыбында ата –аналармен акция ұйымдастырылды.
Мектеп мұғалімдерімен «Мен өмірді сүйемін!» атты семинар- тренинг, ал 8 сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желілердің түрлері, пайдасы мен зияндылығы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді
Сонымен қатар, 8-11 сынып оқушыларының арасында «Баршаға бақыт тілейміз!» атты акция Соңында айлықтың қорытындысы жасалып, сыныптар мен оқушылар марапатталды.