Ата-аналар жиналысы. ОЖСБ туралы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналар жиналысы. ОЖСБ туралы
14
ақпан
2019

Ата-аналар жиналысы. ОЖСБ туралы

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі
Ата-аналар жиналысының
8 қазан 2018 жыл
ХАТТАМАСЫ
Қатысқандар:
1. Абдешова А.А – мектеп директоры;
2.Ильясов Р.Қ-Тараз қаласы прокуратурасы,бөлім басшысы,№8 мобильдік топтың жетекшісі.
4.Шершатов Д- Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты;
5.Нұржауова А.Р - мектеп инспекторы,полиция лейтенанты;
6.Сасықбаев Е- ата-аналар комитетінің төрағасы;
7.Тұрсынбекова А-ЖОНД маманы.
Ата-ана – 117;
Сынып жетекшілері- 62.
Күн тәртібінде:
1.Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына
қойылатын талаптардың орындалуы туралы .
2. ҚР ӘҚБтК 127 бап.
3.«Мектептің ішкі тәртіп ережесі» туралы.
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыс,оқушылардың
мектепке ұялы телефонмен келуіне тыйым салу туралы.
5. Дін және діни- саяси экстремизм.
6.Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу тәртібі туралы.
7. Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес.
8.Мектептегі тамақтану мәселелері туралы.

9. «Тоқта! Спайс!» бейнеролик
10. Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау

Тыңдалды:
Сөз мектеп директоры Абдешова Айжан Ақтілеуқызына берілді. Ол бірінші мәселе бойыншаҚазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың » орындалу барысына тоқталып, жекелеген тарауларының әлі де болса . орындалмай отырғандығына қынжылатындығын айтты.Мысалы:
8. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
9. Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
13. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған.
19. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
21. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Тлеубердиеваға берілді. Ол мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып өтті.
1.Оқушының сыртқы келбеті
1. 29.08.2018 жылы педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімі бойынша оқушылар сабаққа
1 қыркүйек пен 25 мамыр аралығында мектеп формасымен келуі керек: - Оқушылар мектептің ішінде сырт киіммен,бас киіммен,мойын орағышпен және орамалменжүруіне тыйым салынады; - Оқушылардың мектепке қымбат әшекей бұйымдар мен заттар (алтын сақина,сырға,сағат,ұялы телефон...т.б) алып келуіне қатаң тыйым салынады;
- Оқушылар дене шынықтыру сабағына және спорттық үйірмелеріне арнайы спорттық киіммен келуге тиісті. Спорт костюмінсіз спорт залынан шығуға рұхсат берілмейді. Спорт киімін гардеробта қалдырмау керек. - Оқушылар еңбек сабағы кезінде кабинетте және шеберханада техника қауіпсіздігінің талаптары бойынша арнайы киім киюге міндетті. - Мектеп әкімшілігі және мұғалімдер ережеге сәйкес киінбеген оқушыдан мектеп формасын киіп келуін талап етуге құқықты. 2.Оқушының оқу күнінде мектепте болуы - Оқушы кестедегі бірінші сабаққа қоңырау соғылғанға дейін 10-15 минут бұрын келуі керек.(07.45 және 13.45) ; - а)оқушының ауырып қалуы, ауруы туралы медициналық анықтамасынынң болуы; ә)директордың жазбаша рұқсат қағазы; б)әртүрлі қалалық,облыстық және Республикалық көлемдегі жарыстар мен байқауларға қатысуы(бұйрық бойынша); 3. Сабақ кезіндегі тәртіп
- Оқушы сабаққа кешіккен жағдайда мұғалім сынып жетекшісіне және ауысымға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына ескертуі тиіс; -Мұғалім кешіккен оқушыны сабаққа кіргізбеуге құқығы жоқ; - Оқушы сабақ үстінде мұғалімнің рұқсатынсыз сыртқа шығуға болмайды. - 4. Сабақтан тыс және үзіліс кезіндегі тәртіп - Оқушылар үзіліс кезінде кезекші мұғалімнің талабын орындап,тәртіп сақтап және өздерін сабырлы ұстау керек;
-оқушылардың кешігуіне және үзілістенкейін сыртта жүруіне жол берілмейді; - - Оқушылардың дәлізде, баспалдақта жүгіруіне тыйым салынады. - Оқушылардың мектеп аумағындағы барлық жерлерде зиянды заттарды пайдалануына тыйым салынады және сынып жетекшісімен үнемі байланыста болуы ,мектепте өтетін іс-шараларға атсалысып,қатысуы, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі туралы айтып,ескертті.
Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.Шершатов:
ҚР ӘҚБтК 127 бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатыны туралы ескертіп өтті.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша мектеп инспекторыА .Нұржауова сөйлеп, бүгінгі күндері ұялы телефонның дәуірі қайтадан жүре бастағанын, оқу жылының басында ғана өздеріңіз қол қойып берген қолхат пен тек қана байланыс үшін қарапайым телефон ұстауға рұқсат беруді сұранған едіңіздер, қайтадан бұрынғы қалыпқа түсе бастадыңыздар. Қымбат заттың сұрауы да,сұранысы да көп екенін ұмытпаңыздар . Ата-аналар, баланың көңілін табу үшін оған үнемі қымбат зат сыйлауды әдетке айналдырған өздеріңіз. Баладан не сұрайсың? Ол телефонмен оқушы сабақта немен айналысуда осыны бір сәт ойландыңыздар ма? Бала – балқыған қорғасын, оны қандай қалыпта да құюға болады» дейді халық даналығы. Шынында да, жасөспірім бойында жақсы да , жаман да қасиеттердің, яғни өркөкіректік, менсінбеушілік, өзін «қажетті» сезіну, былайша айтқанда адами қарым-қатынасты қалтасындағы құнды затпен немесе ақшасымен өлшейтін халде қалыптасуы отбасына байланысты.
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе сөз «Дін және діни-саяси экстремизм» бойынша – дінтану пәнінің мұғалімі И.Малдыбаева хабарлама жасады.
Ата-аналар,алдымен діни экстремизм мен діни-саяси экстремизмнің екеуі екі ұғым екеніне көңіл аударайық. Діни экстремизм, Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен текке кінәлайды.
Діни – саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай олардың іс-әрекеттері қылмысты істер кодексінің баптарына сәйкес келеді.
Яғни, діни-саяси экстремзм — діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешкандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда — терроризм (лаңкестік).
Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық кайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекетгің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ұшығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсеңділік танытса, әрине, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Діни-саяси экстремизмнің және діни экстремизмнің айырмашылығы сонда, саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешкандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, ешқандай саяси пікірлермен санаспайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Алипбаеваға сөз берілді.Білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 151 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
ОЖСБ-ның негізгі мақсаты:Бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу.
Негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау.
ОЖСБ-ның міндеттері:Білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау;
Оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
Білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау.
ОЖСБ (4 сынып) Екі пәннен тапсырады
1.Математика - 15 тапсырма
2.Әдебиеттік оқу – 15 тапсырма
• Жалпы тапсырмалар саны – 30
• Екі пән бойынша максималды балл-30
• Тестілеу уақыты – 70 минут(1 сағат 10 минут)
ОЖСБ (9 сынып) Екі пәннен тапсырады:
1.Қазақ тілі – 20 тапсырма
2. Жалпы білім беретін пәндердің бірі - 40 тапсырма (25=25, 15=30 )
Жалпы тапсырмалар саны – 60
Тестілеу уақыты 130 минут (2 сағат 10 минут)
Екі пән бойынша максималды балл-75 балл
ОЖСБ (11сынып) Үш пәннен тапсырады:
1.Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма
2.Математикалық сауаттылық-20 тапсырма
3.Қазақстан тарихы – 20 тапсырма
Жалпы тапсырмалар саны – 60
Тестілеудің жалпы уақыты 110 минут
(1 сғат 50 минут)
Үш пән бойынша максималды балл-60 балл
Бланкілік тестілеу әдісі және компьютерлік тестілеу әдісі арқылы жүргізіледі. ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелермен келіссөз жүргізудеміз.
Күн тәртібіндегі жетінші мәселе бойынша «Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес» – Қарамырзаева Ж.Б- психолог,адам баласына өмір бойы психологиялық көмек,қолдау қажет. Ата-ананың қайырымды,төзімді тәрбиелерінің арқасында,баланың көңіл-күйі мен түйсік-сезімдерінің қанағаттануы,сонымен қатар интелектісінің де еркін дамуына мүмкіндіктер береді. Құрметті ата-аналар бала ғана емес ,өздеріңіздің тарапыңыздан да түсінбестік туындап жатса келіп,тегін кеңес алуларыңызға болады деп,көмек беруге дайын екендігін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі сегізінші мәселе бойынша сөз, социолог М.Бердихановаға берілді. Ол, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыздандыру үшін 114 оқушыдан тұратын тізім құрылып, бекітілгенін ,яғни 114 оқушы жалпыға білім беру қорынан тамақтанатынын айтты.
ҚР «Білім туралы»заңының 31 бабының 2 тармағы 7 тармақшасының, КР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жергілікті басқару» Заңының 31 бабының 14,19 тармақ, облыс әкімі аппараты кеңесінің 21.08.2012ж. №14 «Мектеп жасындағы балаларды мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін ұйымдастыру» қаулысын басшылыққа ала отырып,
№ 311 «Тегін тамақтануды қадағалау комиссиясын құру туралы» , №317 «Асханадағы кезекшілікті ұйымдастыру туралы» бұйрықтар шығарылып, жылдық жоспары құрылып бекітілді.
Ыстық тамақтын сапасын, асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын тексеру мақсатында мед. бике, ата-аналар және мұғалімдерден бракерлік комиссиялар құрылып, жыл бойы осы бағытта жұмыстар атқарылуда.
Оқушылардың тамақтануын қадағалау мақсатында есеп журналы арналып, күнделікті есеп жүргізіліп, ай сайын бухгалтерияға табель өткізіп, есеп беріп отырмын.
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың талапқа сай құжаттары түгел жинақталған.
Жалпы мектеп бойынша қыркүйек айында ыстық тамақпен қамтамасыздандырылуы – 65% көрсетті.
Сөйлегендер:
Ильясов Р.Қ- Тараз қаласы прокуратурасы,бөлім басшысы,№8 мобильдік топтың жетекшісі. Жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыс саны жыл сайын көбеюде.Оған себеп, интернет желілері арқылы әртүрлі оқиғаларды көріп, сол бойынша өзін дәлелдеп көрушілер. Сондықтан, құрметті ата-аналар балаларыңыздың қызығушылығына сай үйірмелерге жіберіп,олардың бос уақытын дұрыс пайдалансаңыздар екен.Әлемде болып жатқан террористік әрекеттердің біздің қоғамға жат екендігі туралы естеріне салғандарыңыз да артық болмайды.
Сарсебаева Д-2д сынып ата-анасы- мектеп формасы бәріне бірдей болу керек, бөлектенудің қажеті жоқ, орамал тарту дегенге шектеу қою керек, себебі ол оқушының жанында жүрген басқалардың қызығушылығын оятуы мүмкін ғой.
Жақсылықова - 10в сынып ата-анасы- орамалды салдырмау үшін мектептің ішкі тәртіп ережесін орындауды міндеттеу керек деп ойлаймын және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу керек.
Амандосова -3ж сынып ата-анасы- орамал немесе формадан басқа да мәселе бар, мен соны айтқалы тұрмын. Әзірше күн жарық,ал қыста таңғы 7-мен кешкі 7 кезінде қараңғы болады, сондықтан мектептің айналасындағы фонарьларды жөндету туралы ұсыныс берсеңіздер.
Умиткалиева - 5 а сынып ата-анасы, мектеп маңында жүрген бөгде немесе күдік тудыратын адам көрсеңіздер абай болуды балаларға айтып отырыңыздар.
Тамабаева -2ж сынып ата-анасы- асхананың тамақ сапасын жақсартсаңыздар екен.
Нұржауова А- мектеп инспекторы.Ұялы телефонға қызығушылық әлі басым болғандықтан ұрлық та жиі кездеседі.Ал, соның өтеуі ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша жаза тағайындалады. Алдын алу іс-шараларын жыл бойы өткізудеміз, ата-аналар сіздердің тараптарыңыздан да қадағалау болса шешілмейтін сұрақ болмас еді.
Сасықбаев Е- ата-аналар комитетінің төрағасы, ата-аналар сіздер балаңыз үшін айды әперуге дайын екендіктеріңізді білемін,бірақ балаңыз сол қымбат заттың қадірін біле ме ,түсіне ме екен.Мектеп директоры А.Абдешова тек қана байланыс үшін бағасы арзан ұялы телефон ұстауға рұхсат берді,бірақ кейбір ата-ананың ойы бойынша әперген зат оны ұстау керек,үйде сақтағанның не қажеті бар деп, балаңызды қате пікіріңізбен ойын бұзып отырсыз.Төраға болғандықтан қала көлеміндегі барлық жиналысқа сіздердің аттарыңыздан қатысып жүрмін, сондағы айтылатын бір ғана нәрсе,ол жасөспірімдер арасындағы қылмыстың түрі-ұрлықтың көбеюі айтылады. Қымбат затты ұстайтын кезі де келер, ол үшін тер төгуді түсіндіріңіздер.
Күн тәртібіндегі сегізінші мәселе бойынша сөз ЖОНД маманы Д.Құлмырзаеваға беріліп, синтетикалық Спайс зияндылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
Күн тәртібіндегі тоғызыншы мәселе ата-аналар комитетінің құрамын сайлау туралы сөз мектеп директоры А.Абдешоваға берілді.Ол, жаңа оқу жылы басталды, сондықтан ата-аналар комитеті мүшелерін жалпы осында отырған ата-аналар өз араларынан ұсынуды өтінді.
Ұсыныс бойынша ата-аналар комитетінің құрамы төмендегідей сайланды.
Сасикбаев Есімжан -9г сынып ата-анасы-төраға,
Мүшелері болып:
Қалдыбаева Г – 10б сынып ата-анасы,
Сарсебаева Д -4ж сынып ата-анасы,
Сыздықбаева Жамал-8е сынып ата-анасы ұсынылды.Ұсыныс көпшілік дауысқа салынды.
Қарсы-жоқ.
Қалыс-жоқ.
Ұсынысқа түскен ата-аналар бірауыздан ата-аналар комитетінің мүшелері болып сайланды. Ата-аналар комитетінің төрағасын комитет мүшелерінің ұсынысымен Сасикбаев Есімжан Арынтайұлы сайланды.

Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап,ата-аналар жиналысы қаулы етті.
ҚАУЛЫ:

1. ҚР Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындалуы басты назарға алынсын.
2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы әр сыныпта ата-аналар жиналысында қаралсын.
3. Діни экстремизмнің алдын алу туралы ауысым бойынша дәріс сағатын өткізу дін тану пәнінің мұғаліміне тапсырылсын.
4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.
5. Балалардың мектепке ұялы телефонмен келуіне қатаң шектеу туралы ата-аналар тарапынан қолдау көрсетілсін.
6. ОЖСБ өткізу мен ұйымдастыру және дайындық жұмыстарын жүргізу оқу ісі жөніндегі
орынбасарларына жүктелсін.
7. Аз қамтамасыздандырылған оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы және тамақтың сапасы,
асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы қатаң қадағалансын.
8.Ата-аналар құрамы бекітілсін.


Жиналыс төрағасы: Сасықбаев Е.
Хатшы: Пиржанова Р.


Ата-аналар жиналысы. ОЖСБ туралы






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив