Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі Ата-аналар жиналысы » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі Ата-аналар жиналысы
14
желтоқсан
2018

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі Ата-аналар жиналысы

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі 

Ата-аналар жиналысы

 12 желтоқсан 2018 жыл

 ХАТТАМАСЫ

Қатысқандар:

1. Абдешова А.А – мектеп директоры;

2. Сасықбаев Е- ата-аналар комитетінің төрағасы;

3. Нұржауова А – мектеп инспекторы,полиция лейтенанты.

4.Ата-ана – 125 ;

5.Сынып жетекшілері- 60.

Күн тәртібінде:

1.Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

туралы есебі және ҚР ӘҚБтК баптары туралы - Нұржауова А ,мектеп инспекторы,полиция

лейтенанты;

мектеп инспекторы

2.«Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны»,«WhatsApp» желісі жалған ақпараттарды тарату

тиісті сала тарапынан расталмаған ақпарат пен заңсыз контентті таратудың жолын кесу туралы

ҚР ҚК 274-бабымен таныстыру.

3. Әр түрлі мәселелер.

 Тыңдалды:

Сөз мектеп директоры Абдешова Айжан Ақтілеуқызына берілді. Ол,

оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін,ең алдымен «Мектептің ішкі тәртіп ережесінде» атап көрсетілген қымбат әшекей бұйымдар мен заттар (алтын сақина,сырға,сағат,ұялы телефон...т.б) алып келуіне жол бермесек, балалардың арасындағы ірілі-ұсақты дау-жанжал туындамас еді, яғни ұрлық,анығына көз жеткізбестен қол жұмсау, балағаттау секілді қылмыстық әрекеттер болмас еді. Сондықтан, ата-аналар тәрбие біржақты болмауы керек, сіз де атсалысыңыз. Келесі сөзді сіздердің алдарыңызда есеп беру үшін мектеп инспекторына беріледі.

Нұржауова А –мектеп инспекторы,полиция лейтенанты.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 12-тарау.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР:

132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру

1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта(сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы

1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы –жеке тұлғаларға-жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне- алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет-қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға-қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу 

1.Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі- ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер –бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы

1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

443-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы

1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы –заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –заңды өкiлдерiне он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР Қылмыстық Кодексі. 140 бап-Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау

200 айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл түрінде немесе сол мөлшерде жөндеу жұмыстары немесе 180 сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту арқылы қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған.

127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамауы

1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –жеті айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Мына жағдайларда жасөспірімді тәрбиелеуші ата-ана немесе басқа да заңды өкілдер, сол сияқты оқу, емдеу, тәрбие немесе жасөспірімдерді бақылауға міндетті мекемелердің педагогтары немесе жұмысшыларының өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін, осылардың салдарынан жасөспірімдердің алкогольдік ішімдіктерді, наркотикалық және психотроптық заттарды қолдану, немесе қайшылық, қаңғыбастық пен айналысу, қылмыстық белгісі бар іс-әрекеттер, қасақана қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі»туралы Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстықкодексiнiңқұрамына «Кәмелеткетолмағандардыңқылмыс- тықжауапкершiлiгi» аттыбөлiмдiкiргiзуарқылышешiлген. Бұл бөлiм нормаларыныңмазмұныҚылмыстықкодекстiңЖалпы бөлiмнiңережелерiненөзгешелеуқұрастырылған,ерекшеленусебебi,олардыңқыл

мыс субьектiсiнiңжас ерекшелiгiменғанатүсiндiрiледiжәнеолар жауапкершiлiк пенжазаныжеңiлдетугебағытталған.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы 6 бөлімнің80 - бабы анықтағандай, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар деп танылады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағандығы үшін жауапкершіліктің ерекшелігі -іске асыру мүмкіндігі болып не қылмыстық жауапкершіліктен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану не қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы жүзеге асады.Кәмелетке тол­маған­дардың қылмыстық жауап­тылығы туралы мән-жай­лар Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық кодексінің VI бөлі­мін­де кеңінен қарас­тырыл­ған. Атал­ған заңның 80-бабына сәй­кес, кәмелетке толма­ғандар деп қылмыс жасаған кезде жасы 14-ке толған, бiрақ, 18-ге тол­маған адамдар танылады, яғни, қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.Жасалған қылмыстың санатына байланысты (аса ауыр, ауыр, орташа, кішігірім) қылмыс жасаған кәмелетке толма­ған­дарға қылмыстық жаза таға­йын­далуы мүмкiн немесе оларға тәрбиелiк әсерi бар мәж­бүрлеу шаралары қолда­нылады.
Кәмелетке толмағандарға төмендегіше жаза түрлерi таға­йындалады: айыппұл, белгiлi бiр қызметпен айналысу құқы­ғынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыс­тары, бас бос­тандығын шектеу және бас бос­тандығынан айыру.
Айыппұл түріндегі жаза кәме­летке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл 10/500 (оннан бесжүз) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға бел­гiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Қоғамдық жұмыс­тарға тарту түріндегі жаза 40 сағаттан 160 сағатқа дейiнгi мер­зiмге тағайындалады және кәме­летке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты жас­ау­ға ғана тартылады. Қоғам­дық жұмыс оқудан немесе негiзгi жұмыстан бос уақытта атқарылады. 16 жас­қа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орын­дауының ұзақ­тығы күнiне 2 сағаттан, ал, 16-дан 18 жасқа дейiнгi адамдар үш­iн күнiне 3 сағаттан аспауы керек.
Түзеу жұмыстары түріндегі жаза сот үкiм шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға ғана және бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Кәмелетке толмағандардың бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

Оқу жылының басында ата-ана мен мектеп әкімшілігі арасында жасалған келісім-шартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47 бап 14 тармақшасы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті» десе, ата-анасы оқушының мектеп Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерінің орындауын бақылайды делінген. Мен осы мектепке келгеніме 3 айдан асты, ұжыммен де оқушылармен де таныспын. Мектеп ережесінде тыйым салынған заттарды ұстауы, ескерту жасалғанына қарамастан әкелуші оқушымен оның ата-аналарымен жұмыс жүргізудемін. Әсіресе қымбат ұялы телефон басты назарда екенін өздеріңіз білесіздер. Себебі жасөспірімдермен жасалатын қылмыс түрі осы телефонға байланысты. Ол –ұрлық.

Құрметті ата-аналар! Сіз бен біз болып, балаларға болашақта зияны тимейтін тәрбие жұмыстарын жүргізіп, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып,қатаң қадағалайық.

Сөйлегендер:

Сөз алды:

Сарсебаева Д- 2в сынып ата-анасы, қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Бүгінгі күндері ұялы телефонның дәуірі қайтадан жүре бастағанын, оқу жылының басында ғана өздеріңіз қол қойып берген қолхат бар.Қымбат заттың сұрауы да,сұранысы да көп екенін ұмытпаңыздар . Ата-аналар, баланың көңілін табу үшін оған үнемі қымбат зат сыйлауды әдетке айналдырған өздеріңіз. Баладан не сұрайсың? Ол телефонмен оқушы сабақта немен айналысуда осыны бір сәт ойландыңыздар ма? Бала – балқығанқорғасын, оны қандайқалыпта да құюға болады»дейді халық даналығы.Шынында да, жасөспірімбойында жақсы да , жаман да қасиеттердің, яғни өркөкіректік, менсінбеушілік, өзін «қажетті» сезіну, былайша айтқанда адами қарым-қатынасты қалтасындағы құнды затпен немесе ақшасымен өлшейтін халде қалыптасуыотбасына байланысты.

Сөз алды:

Сасықбаев Е- ата-аналар комитетінің төрағасы, ата-аналар сіздер балаңыз үшін айды әперуге дайын екендіктеріңізді білемін,бірақ балаңыз сол қымбат заттың қадірін біле ме ,түсіне ме екен.Төраға болғандықтан қала көлеміндегі барлық жиналысқа сіздердің аттарыңыздан қатысып жүрмін, сондағы айтылатын бір ғана нәрсе,ол жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюі айтылады.Бүгін біздің алдымызда есеп берген мектеп инспекторының әр түрлі баптармен таныстыруы дұрыс деп ойлаймын. Себебі, ол балаға да, ата-анаға да қатысты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз құқықтық тәрбие ісі жөніндегі Қ.Тлеубердиеваға берілді. Ол, Тараз қаласы прокурорының 2018 ж. 6 желтоқсандағы хаты негізінде интернет желісінде, «WhatsApp» желісі жалған ақпараттарды тарату тиісті сала тарапынан расталмаған ақпарат пен заңсыз контентті таратудың жолын кесу туралы ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстықжауапкершілікке тартылатындығы туралы хабарлама жасады.

274-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату

1. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –

бесмыңайлықесептіккөрсеткішкедейінгімөлшердеайыппұлсалуға не солмөлшердетүзеужұмыстарына не бірмыңекіжүзсағатқадейінгімерзімгеқоғамдықжұмыстарғатартуға не бес жылғадейінгімерзімге бас бостандығыншектеуге не солмерзімге бас бостандығынанайыруғажазаланады.

4. Осы баптыңбірінші, екіншінемесеүшіншібөліктеріндекөзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) төтеншежағдайкезінденемесеұрысжағдайынданемесесоғысуақытында не жарияіс-шараларөткізукезіндежасалғаніс-әрекеттер –

үшжылданжетіжылғадейінгімерзімге бас бостандығыншектеуге не солмерзімге бас бостандығынанайыруғажазаланады.

Сонымен қатар,балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алу,оны болдырмау, белгісіз тұлғалардан кондитерлік тағамдар мен сағыз өнімдерін сатып алуының алдын алу, оған жол бермеу туралы және балалардың ақпараттық, психологиялық қауіпсіздігін қамтамсыз ету туралы балаңызға ескертіп,түсіндіруді өтінді.

Сөз алды:

Кибраева С – 1е,4г сынып ата-анасы, мектеп маңында жүрген бөгде немесе күдік тудыратын адам көрсеңіздер абай болуды балаларға айтып отырыңыздар. Бала қауіпсіздігі туралы да естен шығармайық. Инспектор жас маман екендігі көрініп тұр, жұмысына сәттілік, бала тәртібі мен тәрбиесіне үлес қосады деп сенемін.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер толықтыңдалып,ата-аналар жиналысы қаулы етті.

ҚАУЛЫ:

1. Мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы әр сыныпта ата-аналар жиналысында қаралсын.

2.Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.

3.Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін психологтар сыныптар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырсын.

 

 

Жиналыс төрағасы: Сасықбаев Е.А.

Хатшы: Тлеубердиева Қ.Т.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив