"Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы " онкүндігі » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы " онкүндігі
12
ақпан
2019

"Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы " онкүндігі

 «Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы "  онкүндігі  

                    

        2019 жылдың  01 - 12   ақпан  күндері  аралығында   өзін - өзі тану пәнінің    онкүндігі «Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты тақырыпта ашылды. Онкүндіктің ашылуы мектептің мәжіліс залында бастауыш сынып оқушыларынан құрылған көркемөнерпаздардың концертіне ұласты. 1 ақпан күні        «Балаға жүрек жылуы»  тақырыбында өзін - өзі тану пәнінің мұғалімдері мен барлық сынып жетекшілер   бірыңғай ашық сабақтар  өткізді.      

    Мектеп кітапханашылары мен өзін-өзі пәнінің   мұғалімдері "Өзін - өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Алпысқызының қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлем ойшылдарының, педагог - гуманистердің шығармаларынан  көрме  ұйымдастырды.

           Ж. Қарамырзаева, С.Дубаева, Ф. Заурбекова "Сүйіспеншілікпен өмір сүру" тақырыбында әңгіме жүргізді. Мектептің оқушылардан құрылған өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және  9 сынып оқушыларының ұйымдасуымен жүргізіліп жатқан «Жүректі жылытар мейірімділік»   атты әлеуметтік жобаның презентациясын   көрсетті. Оның жетекшілері өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері С.Дубаева, Ф. Заурбекова.      

          Онкүндік барысында өзін -өзі тану пәнінің мұғалімдері С.Дубаева және Ж.Алимханова  1-4 сынып оқушыларының арасында "Алтын жүрек анамыз" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырып байқауға қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапаттады. Г.Тастемирова "Адамгершілік маңызды ма?" тақырыбында 9- сыныптар арасында дебат өткізді. 9-сынып оқушылары дебатқа аса зор белсенділікпен қатысып, берілген тақырып бойынша өз ойларын ашық жеткізе білдірді. Өзін өзі тану пәнінің мұғалімдері А.Паширалиева, Ф.Заурбекова және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Руханилықтың мөлдір бұлағы" - ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі жасалды. Оқушылар ұйымдастырылған іс-шараға белсене  атсалысып, шығармашылық туындыларын көрмеге әкелуге асықты. М.Бердиханова, А.Абилдаева, Ф.Заурбекова және музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен балалар арсында "Ән - көңілдің ажары" әндік фестиваль өткізілді. Балалар жанды дауыста ән салып, өнерлерін көрсетті. Қатысқан оқушылар марапатталды. Ж.Алимханова мен мектеп тәлімгері бірлесе отырып, "Қайырымдылық - жер бетінде!" тақырыбында флешмоб  өткізді. Оқушылар қайырымдылық жасау - адамның асыл қасиетінің бірі екенін ұғынып, өз өнерлерін ортаға салды. "Ертегілер әлеміне саяхат" атты театрландырылған сахналық қойылымды өзін-өзі тану мұғалімдері С.Дубаева, Ж.Алимханова және бастауыш сынып жетекшілері ұйымдастырды. Сахналық қойылым балаларға ұнап, ерекше әсер қалдырды. 

          М.Бердиханова мен мектеп тәлімгері оқушыларды кинотеатрға, қала мұражайларына экскурсияға шығарды. Экскурсия оқушыларға ұнап, көтеріңкі көңіл күйде келді.

        Өзін-өзі тану мұғалімдері,  Ж. Қарамырзаева  және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен " Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сыйлықтар сыйланып, қайырымдылық жасалды.

          12.02.2019ж бірінші сабақтарда сынып жетекшілер мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері түрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізді. 5-сынып жетекшілері  "Қызыққа толы бұл әлем", 6-сынып жетекшілері  "Кәусәр бұлақ - тұнығынан",  7-сынып жетекшілері  "Мейірімділік - асыл қасиет", 8-сынып жетекшілері   "Өнеге отбасынан. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері  Ж.Қарамырзаева -  1 "Ж" сынып  "Көңіл күй шаттығы",  Г. Тастемирова - 2 "Б" сынып  "Дос болуды үйренеміз", С.Дубаева - 3 "В" сынып   "Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы", Ж.Алимханова - 4"А" сынып  "Жақсылықтан жақсылыққа", А. Паширалиева -*8 "Д" сынып  "Достықты ьағалаймыз",  Ф.Заурбекова - 6 "В" сынып  "Мен және мені қоршаған орта", М.Бердиханова -  9 "А" сынып  "Әдептілік адамгершілік бастауы",  А.Абилдаева   - 10 "А" сынып   "Жарасымды қарым-қатынас". 

        12.02.2019ж өзін-өзі тану мұғалімдері Ф.Заурбекова мен А.Паширалиева  "Бәрі сүйіспеншіліктен басталады" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өзін-өзі тану пәнінің онкүндігін қорытындылады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив