Оқушыларға » Страница 6 » СШ №48
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№48 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 56-14-03
Есепші бөлімі:
+7(726) 56-14-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
"Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ
03
желтоқсан
2025
"Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ
03.12.2025 жылы 11"А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен Б.Р. Қыдырова "Атом өнеркәсібі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: - таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу; - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау.
Буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу
28
қараша
2025
Буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу
БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІҢ АЛДЫН АЛУ Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте жасөспірімдер арасындағы буллинг пен суицидтің алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Оқушылармен ашық диалог жүргізуге Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты. Кездесу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық саулығын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды. Мақсат – оқушыларға қауіпсіз
Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
19
қараша
2025
Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық зерттеу
2025 жылдың 19 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Жамбыл дарыны” аймақтық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп- гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
"Жұмысшылар мамандықтар жылы" жобасы аясында кездесу
18
қараша
2025
"Жұмысшылар мамандықтар жылы" жобасы аясында кездесу
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектепте 18 қараша 2025 жылы 6-сынып оқушылары үшін сынып жетекшілерінің жоспарына сәйкес "Жұмысшылар мамандықтар жылы" жобасы аясында "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәнінің мұғалімі Исаев Ғалымжан Издашулымен кездесу ұйымдастырылды . Шараның мақсаты – оқушыларға әртүрлі салалардағы мамандықтар туралы кеңірек түсінік беру, қызығушылықтарын арттыру және болашақта дұрыс кәсіби бағыт таңдауына қолдау көрсету. Кездесу барысында шақырылған маман өз қызметі,
«Жұмысшылар мамандықтар жылы» аясында кездесу
18
қараша
2025
«Жұмысшылар мамандықтар жылы» аясында кездесу
Т. Рысқұлов атындағы №48 мектепте «Жұмысшылар мамандықтар жылы» аясында 18 қараша 2025 жылы 6”В” сынып оқушыларына арналған кездесу өткізілді. Шақырылған маман мектебіміздің түлегі өз кәсібінің қыр-сырын бөлісіп, еңбек жолындағы қызықтары мен жауапкершілігі туралы әңгімеледі. Оқушылар нақты сұрақтар қойып, түрлі мамандықтардың қоғамдағы орны мен маңызын жақсырақ түсінді. Бұл тәрбие сағаты балаларға еңбек адамын құрметтеуге, өз болашақ кәсібіне ойлана қарауға бағытталған тағылымды кездесу болды.
“Ақпараттық қауіпсіздік негіздері” тақырыбында сынып сағаты
12
қараша
2025
“Ақпараттық қауіпсіздік негіздері” тақырыбында сынып сағаты
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” жобасы бойынша 8 “Ж” сынып жетекшісі Ж.Алдатаева “Ақпараттық қауіпсіздік негіздері” тақырыбында сынып сағатын өтті. Мақсаты:Кәмелетке толмағандарды интернеттегі қауіптен сақтау,олардың саналы түрде ақпарат қабылдап,оны талдай алу қабілетін дамыту.
"Өнім менің қолымнан" атты жоба аясында жас шеберлердің көрмесі
10
қараша
2025
"Өнім менің қолымнан" атты жоба аясында жас шеберлердің көрмесі
2025 жылдың 21 қарашасында Тараз қаласының білім бөлімінің 10.11.2025 ж. №6230 хатына сәйкес Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде "Өнім менің қолымнан" атты жоба аясында жас шеберлердің көрмесі ұйымдастырылды. “Өнім менің қолымнан” көрмесі – оқушылардың шығармашылық қабілетін, еңбекке құштарлығын, эстетикалық талғамы мен қолөнер шеберлігін танытатын ерекше жобалық алаң. Көрменің басты мақсаты – оқушының өз қолымен жасаған өнім арқылы оның шығармашылық мүмкіндігін ашу, еңбекке баулу, қолөнер
"15 қараша-Ұлттық валюта-теңге күні" тақырыбында сынып сағаты
10
қараша
2025
"15 қараша-Ұлттық валюта-теңге күні" тақырыбында сынып сағаты
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 2"Д" сыныбында 10.11.2025 жылы "15 қараша-Ұлттық валюта-теңге күні" тақырыбында сынып сағаты өтті.Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі-теңгемен тереңірек таныстыру. Өзге мемлекеттің валюталары туралы түсінік беру. Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу Сынып жетекшісі: Абсатарова Жанна  
,,GOLDEN STAR'" өнер байқауы
03
қараша
2025
,,GOLDEN STAR'" өнер байқауы
3Б сынып білім алушысы Жұманғали Айару жеке би үйірмесіне қатысып, жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы ұйымдастырған Халықаралық ,,GOLDEN STAR'" өнер байқауында ""Inju" би ансамблімен (хореография.Би) ГРАНПРИ жеңіп алды. Сынып жетекшісі: Мылтықбаева Г.Ә
“Маралтай оқулары” шығармашылық байқауы
31
қазан
2025
“Маралтай оқулары” шығармашылық байқауы
Жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында өткен қалалық “Маралтай оқулары” шығармашылық байқауында 10 “Г” сынып оқушысы Береке Алдияр жүлделі II орынға ие болды! 🏆 Жас талантты шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! ✨ Жетекшісі: Исабекова Г.Н